ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Қысқы емтихан алдында 29 қараша күні Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, PhD Каримова Бибігүл Жұмашқызы «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өз жетекшілігіндегі топтарға кураторлық сағат өткізді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің академиялық қағидаларын түсіндіру және тәртіп бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған сабаққа ЖҚ-311, ЖҚ-211, ҚБҚ-211 және ЖҚ-111 топ студенттері қатысты. Сабақ барысында білімгерлер емтихан ережелерімен танысты. …










