ГАЗЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламаларының студенттері «Газет ісі» бойынша керемет дәріс тыңдады. Болашақ журналистерге шеберлік сыныбын өткізген – осы мамандықтың майталманы, танымал журналист, «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсын. Білімгерлер газет шығару тек тілшілердің ғана жұмысымен шектелмейтіндігіне, бір басылымның артында қаншама тұлғаның еселі еңбегі мен үлкен үлесі жатқандығына көз жеткізді. …










