Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

25-31.03.2025 жылы Шымкент қаласында Садақ атудан ересектер және (U29) арасындағы Қазақстан Республикасының кубогінің 1-кезеңінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Землянова Александраны жүлделі орынға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Ересектер арасында олимпиадалық айналымда І-орынЕресектер арасында М-1 жаттығуында 1321 ІІ-орын

«ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобының білім алушылары бастама көтеріп қаламыздың екі отбасына (көпбалалы жалғызбасты аналарына) азын-аулақ көмектерін азық-түлікпен ұсынып қайтты.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің жыл қорытындысы

Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша жыл қорытындысы жасалды, факультет жұмысының бағыттары бойынша кемшіліктермен жетістіктер аталып өтілді. Әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар, конкурстар, фестивальдерде көзге түскен белсенді білім алушылар және оқытушылар марапатталды.

«Салт-дәстүрім байлығым»

Салт-дәстүр – тек күнделікті өміріміздің бір бөлігі ғана емес, ол біздің ұлттық сана-сезімімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға көмектесетін қымбат қазына. Осы қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Салт-дәстүрімізді сақтап, оны қадірлей отырып, болашақ ұрпаққа аманат етейік!

“Нашақорлық-қоғам дерті ”

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті Е.Дузжасаров “Нашақорлық-қоғам дерті ” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Нашақорлықтың қоғамға, жеке адам өміріне және болашақ ұрпаққа тигізетін зиянын түсіндіру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы күресте азаматтық жауапкершілікті арттыру.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

04-11.03.2025 жылы Астана қаласында Орынбасаров Сұлтанбекті еске алуға арналған боччадан ашық республикалық турнирде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс білім алушысы Аскарбеков Куанышты І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бражкина Анастасияны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

26.02-03.03.2025 жылы Астана қаласында өткен кәсіпқойлар арасында Гір спортынан Қазақстан чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Бражкина Анастасияны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

AI Assistant