ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2025 жылдың 8–15 қазан күндері Ақтау қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің арасында Бочча спортынан халықаралық турнирдеІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыАсқарбеков Қуаныш жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жеңіс – Қуаныштың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! Жаңа жетістіктерге жете бер! 🥉










