Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

«Заң — қоғамның жүрегі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков ДҚ 411 тобының білім алушыларымен бірге «Заң — қоғамның жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік жайлы мәселелер қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысты.

«Қазақтың қолөнері, музыкасы және аспаздығы»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскерлері — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.М. Адамкулов және педагогика ғылымдарының кандидаты М.С. Мырзаканов «Қазақтың қолөнері, музыкасы және ұлттық аспаптары» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында ұлттық мәдениетіміздің құндылықтары кеңінен таныстырылып, студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнері жайлы танымдық ақпарат берілді.

«Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі»

Дене шынықтыру және факультетінің оқытушы-ассистенті А.Абден ДШҚ 311,312 топтарымен «Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Студенттерге құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, заңға бағынудың азаматтық жауапкершілік екенін ұғындыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

«Жылдың үздік параспортшысы»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Асқарбековты «Халық сүйіктісі» байқауында «Жылдың үздік параспортшысы» номинациясы бойынша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен рухтың мықтылығын дәлелдейтін зор жетістік. Алдағы спорттық жолыңыз жарқын жеңістерге толы болсын!Біз Сізбен мақтанамыз! 💪

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 8–15 қараша күндері Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті:🥈 Кенжебай Дарын – жастар (U21) арасында 62 кг салмақта ІІ орын🥈 Талғатқызы Данагүл – жастар арасында 70 кг салмақта ІІ орын🥈 Байбатыр Бекжан …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 8–15 қазан күндері Ақтау қаласында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің арасында Бочча спортынан халықаралық турнирдеІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыАсқарбеков Қуаныш жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұл жеңіс – Қуаныштың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! Жаңа жетістіктерге жете бер! 🥉

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Семей қаласында өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Хегай Кира 57 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді. Білім алушымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Жетістіктері көп болсын!

АУЫР АТЛЕТТЕН РЕКОРД ОРНАТҚАН ЖУ СТУДЕНТІНЕ РЕКТОР ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Жуырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Әлихан Әскербай Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, екі рет әлем рекордын жаңартты. Ол жұлқа көтеруде 144 келі, ал серпе көтеруде 172 келіні еңсерді. Екі нәтиже де жасөспірімдер арасында әлем рекорды болып тіркелді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан Әлихан …

АУЫР АТЛЕТТЕН РЕКОРД ОРНАТҚАН ЖУ СТУДЕНТІНЕ РЕКТОР ГРАНТЫ БЕРІЛДІ Read More »

«Шабыт» еріктілер тобы

13 қараша – Дүниежүзілік мейірімділік күніне орай І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «Облыстық мамандандырылған бөбектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, мекеме қабырғаларын әсемдеп, түрлі суреттер салып, көркемдік көмек көрсетті. Игі іс балалардың қуанышын арттырып, еріктілердің қоғамға деген жанашырлығын танытты. мейірімділіккүні #еріктілерқызметі #жетісууниверситеті

AI Assistant