Қазақстан чемпионатының үздік лақтырылуы
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білім алушысы Жаңбырбай Мағжан
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білім алушысы Жаңбырбай Мағжан
30.04.2024 ж Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің топ кураторы Е.Ахметов ДҚ 211 топ білімгерлерімен «Білімгерлердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін Қазақстанның материалдық мәдениет тарихы арқылы дамыту» атты тақырыпта семинар өткізді. Сабақ барысында материалдық мәдениет — біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі екндігі талқыланып, Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы …
29.04.24 жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде «Ұлттық болмысты сақтау Рухани жаңғырудың ең басты шартты» тақырыбында оқытушы-ассистент А.Абденнің ұйымдастырумен тәрбие сағатын өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білім алушылары ‘Sweet Rainbow’ командасының мүшелері Рахым Асқар Амангелдіұлы, Данияр Әділбекұлы 2024жылы 19 сәуірде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен ‘Әрекет-2024’ Республикалық бизнес-стартап жобалар байқауында жүлделі 1 орын иеленді. Жоғары мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім алушыларымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы – ассистенті Е.Дузжасаров «Таза сессия және плагиатқа жол жоқ» тақырыбында ДШҚ 311,ДШҚ312 ,ДШҚ 114 топ білімгерлерімен кураторлық сағат өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде ғылым айы аясында бекітілген жоспар бойынша «Ғылыми мәтіннің құрылымы мен құрылысы» тақырыбында п.ғ.к. А.Куракбаева, PhD докторы З.Шагатаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасының 1,2 курс БДҚ 111, БӘДжДШҚ 211,212,213 топ білімгерлеріне педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.
Алматы қаласында ұзын қашықтыққа шосседе жүгіруден, найза, диск лақтырудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыс және 3 қаладан 318 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгерлеріОмар Айбол 10км қашықтықта І- орынНұрмұхамбет Анеля найза лақтырудан ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кезекті кеңесі өтті. Кеңесте күн тәртібіндегі сұрақтар қарастырылып оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары бойынша декан Е.Утегеновтің қорытынды есебі тыңдалды. Кеңестің соңында бір топ профессорлық – оқытушылар құрамымен қызметкерлерге және үздік білімгерлердің ата – аналарына жыл бойы қоғамдық іс-шараларға қосқан еңбектерін ескеріп алғыс хатпен марапаттады.