Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі
«Тау тұлғалы Ілияс»
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б.Сарсенбаев және оқытушы-дәріскері Г.Галиеваның ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» тақырыбында Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді.
«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті»
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті М.Заманбеков «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
24-30.11.2024 жылы Жезқазған қаласында Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Сыдық Аяжанды І-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Абден сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – адалдық, ашықтық және белсенді азаматтық ұстанымның әділ болашақты құруға қалай көмектесетінін көрсету.
Семинар өзіндік оқу жұмысын жандандыру
18.11. 2024 семинар өткізілді: өзіндік оқу жұмысын жандандыру. Аға оқытушы Абдухаирова А.Т. жеке озық тапсырмалар негізінде проблемалық алгоритмдік оқыту әдістерін ұсынды. Семинар гр студенттерінің сабақ мысалында өтті. ДК-111.
Құттықтаймыз!
2024 жылдың 9-16 қараша күндері аралығында Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында ӘЛЕМ чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Талғатқызы Данагүл ІІІ — орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құттықтаймыз
2024 жылдың 11-16 қараша күндері аралығында Алматы қаласында тірек-қимыл қозғалыс аппараты және көру мүшелері зақымдалған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Тен Максимды ІІІ – орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Аскарбеков Куанышты ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2024 жылдың 14-20 қараша күндері аралығында Бахрейн қаласында Боччадан командалық есепте Халықаралық дәрежедегі челленджде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс білімгері Аскарбеков Куанышты ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!










