ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27.02.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «ЖУ Аруы – 2024» байқауында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Серикбаева Азиза Расуловнаны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27.02.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «ЖУ Аруы – 2024» байқауында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Серикбаева Азиза Расуловнаны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
21-24.02.24жылы Өскемен қаласында Жеңіл атлетикадан U-20 жастар арасында жабық кешенде Қазақстан Респбуликасының чемпионаты өтті. 15 облыс, 3 қаладан 292 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгері Омар Айбол 1500-3000 м қашықтықта 1-орын орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Сонымен қатар спортшымыз сәуір айында Дубай қаласында өтетін жастар арасында Азия чемпионатына …
Дене шынықтыру және өнер жоғарғы мектебінің шығармашылық оқыту білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доцент) пғк Ж.Таубалдиеваның ұйымдастыруымен «Болашақ музыка мұғалімдерінің музыкалық шығармашылық қабілеттерін заманауи технологиялар арқылы дамыту жолдары» — атты тақырыпта әдістемелік семинар өткізді.
15-17.02.2024ж. Астана қаласында өткен Гір спортынан ұзын айналымнан ҚР чемпионатында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Бражкина Анастасияқыздар арасында 58 кг, салмақ дәрежесінде 70 ұпай нәтижесімен І орын, әйелдер арасында 58 кг, салмақ дәрежесінде 3 ұпай нәтижесімен ІІ орын иеленді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Ерлік» әскери патриоттық еріктілер тобының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыбында кездесу кешін өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында оқытушы-дәріскер Б. Сарсенбаевтың ұйымдастыруымен әдеби іс-шара өткізді.
01.02.2024 жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі, Жалпы даму білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Озенбаев Мергембай Рамазановичті келіп жеткен 60 жас мерейтойымен жоғары мектеп ұжымының атынан шын жүректен құттықтай отыра сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілейміз!
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде бекітілген жоспар бойынша «Патриоттық тәрбие пәнін «Ерлік» — әскери патриоттық клубының жұмысымен байланыстыру» тақырыбында оқытушы- дәріскер К. Джанабаев, оқытушы- ассистент А. Жанабайдың ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің, дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының ДШҚ 215, 216,217 топ білімгерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа — жол жоқ!» атты тақырыпта топ кураторлары оқытушы-дәріскер М. Өзенбаев және оқытушы-дәріскер Б.Сарсенбаев дөңгелек үстел өткізді.
26.01.2024 жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің, дизайн білім беру бағдарламасының ДҚ111, ДР211 топ білімгерлерімен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта топ кураторлары оқытушы-ассистенті М.Жұмабева және оқытушы-ассистенті А.Бараковтың жетекшілігімен дебат өткізілді.