«Таза сессия және плагиатқа жол жоқ»
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы – ассистенті Е.Дузжасаров «Таза сессия және плагиатқа жол жоқ» тақырыбында ДШҚ 311,ДШҚ312 ,ДШҚ 114 топ білімгерлерімен кураторлық сағат өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы – ассистенті Е.Дузжасаров «Таза сессия және плагиатқа жол жоқ» тақырыбында ДШҚ 311,ДШҚ312 ,ДШҚ 114 топ білімгерлерімен кураторлық сағат өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде ғылым айы аясында бекітілген жоспар бойынша «Ғылыми мәтіннің құрылымы мен құрылысы» тақырыбында п.ғ.к. А.Куракбаева, PhD докторы З.Шагатаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасының 1,2 курс БДҚ 111, БӘДжДШҚ 211,212,213 топ білімгерлеріне педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.
Алматы қаласында ұзын қашықтыққа шосседе жүгіруден, найза, диск лақтырудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыс және 3 қаладан 318 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгерлеріОмар Айбол 10км қашықтықта І- орынНұрмұхамбет Анеля найза лақтырудан ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кезекті кеңесі өтті. Кеңесте күн тәртібіндегі сұрақтар қарастырылып оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары бойынша декан Е.Утегеновтің қорытынды есебі тыңдалды. Кеңестің соңында бір топ профессорлық – оқытушылар құрамымен қызметкерлерге және үздік білімгерлердің ата – аналарына жыл бойы қоғамдық іс-шараларға қосқан еңбектерін ескеріп алғыс хатпен марапаттады.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері К.Джанабаев және оқытушы – ассистенті К.Шалабаеваның ұйымдастыруымен «Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Алматы облысы, Қарасай ауданында Республикалық олимпиадалық даярлау базасында Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгері Шаймұран Бедел 65 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі, Техникалық ғылымдар жоғары мектебімен бірлесе отырып «Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күніне» арналған іс-шара өткізді.
13.03.2024ж. Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің, дизайн факультетінің оқытушы-ассистенті М.Жұмабева ДҚ211 топ білімгерлерімен жарнаманың арнайы түрлері пәні бойынша «Экологиялық жарнама» тақырыбында ашық сабақ өткізді.