Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы (ашық есік күндері мектеп, колледж түлектерімен кездесулер)
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы (ашық есік күндері мектеп, колледж түлектерімен кездесулер)
2024 жылдың 27-31 аралығында Астана қаласында Боччадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде. Аталған жарысқа елімізденің 12 өңірінен 89 спортшылар арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білім алушысы Асқарбеков Қуанышты (жекелей сында) І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2024 жылдың 02-20 мамыр аралығында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Шығармашылық оқыту білім беру бағдарламасының оқытушылары құрамының қатысуымен Талдықорған қаласының колледж және мектеп түлектерімен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында «Музыкалық білім беру», «Көркемеңбек, графика және жобалау» және «Дизайн» оқу бағдарламалары бойынша толық ақпарат берілді. Жиынға қатысушылар университет оқытушыларымен тілдесіп, білім алуға …
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білім алушысы Асқарбеков Куанышты Боччадан «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағын алуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Боччадан Қазақстан Республикасы бойынша «Спорт шеберін» ең бірінші алған спортшымыз
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білім алушысы Жаңбырбай Мағжан
30.04.2024 ж Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің топ кураторы Е.Ахметов ДҚ 211 топ білімгерлерімен «Білімгерлердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін Қазақстанның материалдық мәдениет тарихы арқылы дамыту» атты тақырыпта семинар өткізді. Сабақ барысында материалдық мәдениет — біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі екндігі талқыланып, Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы …
29.04.24 жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде «Ұлттық болмысты сақтау Рухани жаңғырудың ең басты шартты» тақырыбында оқытушы-ассистент А.Абденнің ұйымдастырумен тәрбие сағатын өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білім алушылары ‘Sweet Rainbow’ командасының мүшелері Рахым Асқар Амангелдіұлы, Данияр Әділбекұлы 2024жылы 19 сәуірде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен ‘Әрекет-2024’ Республикалық бизнес-стартап жобалар байқауында жүлделі 1 орын иеленді. Жоғары мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім алушыларымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы – ассистенті Е.Дузжасаров «Таза сессия және плагиатқа жол жоқ» тақырыбында ДШҚ 311,ДШҚ312 ,ДШҚ 114 топ білімгерлерімен кураторлық сағат өткізді.
Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде ғылым айы аясында бекітілген жоспар бойынша «Ғылыми мәтіннің құрылымы мен құрылысы» тақырыбында п.ғ.к. А.Куракбаева, PhD докторы З.Шагатаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізді.