Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

«Көктемнің мөлдір тамшысы» тақырыбында шеберлік сағаты

28.02.2023ж. Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Дизайн мен Көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламаларының білімгерлері арасында «Көктемнің мөлдір тамшысы» тақырыбында ҚР суретшілер, дизайнерлер одағы мүшелері Құрманқазы Қайрулаұлы Қадыров, Дәулет Дәркембайұлы Шоқпаров қатысуымен білімгерлер көрмесі, шеберлік сағаты өтті. Бейнеге сілтеме:

Джиу-джитсудан Азия Чемпионаты

22 ақпан-03 наурыз 2023 ж Тайланд патшалығының Бангкок қаласында өтіп жатқан   джиу-джитсудан Азия Чемпионатында, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 және 4 курс білімгерлері ағайынды Сарсенұлы Санат пен Сарсенұлы Самат файтинг және контакт ережелері бойынша 56 кг салмақ I орын иеленіп Азия Чемпионы атанды! Чемпиондарымызды құттықтаймыз! Бейнеге сілтеме: Бейнеге сілтеме: Бейнеге сілтеме:

АЛҒЫС АЙТУ!

27.02.2023 ж. дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ДШҚ 121,122 топтарының кураторы  оқытушы-ассистент Қ.Шалабаева білімгерлермен 1-наурыз алғыс айту мерекесі қарсаңында «Алғыс айту парызым» тақырыбында  тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі! Бейнеге сілтеме:https://youtu.be/H_QqqunCr7I Бейнеге сілтеме:https://youtu.be/gGt5QUjOKEU

Азия чемпионын құттықтаймыз

22 ақпан-03 наурыз 2023 ж Тайланд патшалығының Бангкок қаласында өтіп жатқан   джиу-джитсудан Азия Чемпионатында, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1курс білімгері Сарсенұлы Самат 56 кг салмақ I орын иеленіп Азия Чемпионы атанды! Чемпионды құттықтаймыз!

«Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемдері» тақырыбында әдістемелік семинар

16.02.2023 жылы дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің п.ғ.к., оқытушы-дәріскер А.Курманбаев «Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемдері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жас оқытушыларға критериалды бағалаудың мәнін түсінуге көмектесу. Семинар барысында қатысушылар формативті бағалау арқылы білімгерлер мен оқытушылар жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін қалай жақсартуға болатынын білді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

10-12.02.2023ж.Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Х-ші Азия чемпионатында дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгерлері төмендегідей нәтиже көрсетті: Нұрмәмет Ақбаян-1500м -III орын иеленді және спорт шеберін орындады Керимова Мадина 1500м -V орын иеленді! Бейнеге сілтеме: https://www.instagram.com/reel/Cohl12etiPJ/?igshid=MDJmNzVkMjY=

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгері  Тұрсынғазыұлы Нұрхат   09-10  ақпан 2023  жыл аралығында   Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен жастар арасында Жетісу облысының чемпионатында 70 келі  салмақ дәрежесінде  1  орын иеленді.

Қайырымдылық акциясы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ЖАЛЫН еріктілер тобының ұйымдастыруымен 04.02.2023 жылы қайырымдылық акциясын жоғары мектеп білімгерлері мен ПОҚ, қызметкерлерінің қолдауымен қаламыздың тұрғыны (жалғызбасты, көпбалалы ана) мұқтаж бір отбасына материалдық көмек көрсетіп, жақсы өмірден үміттерін үздірмейтіндей азын-аулақ көмек көрсетсек деген мақсатта өз үлестерін қосып  қайтты.  “Өзімдікі дегенге, Өгіз қара күшім бар. Кісінікі дегенге, Анау-мынау ісім …

Қайырымдылық акциясы Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27-28.01.2023ж. Жетісу облысы Саркан ауданында шаңғы жарысынан Жетісу облысының чемпионатында дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Елубай Ғалымжан 18-23 жастағы  ерлер арасында I орын,  ерлер арасындағы эстафета жарысында III орын  иеленуімен құттықтаймыз! Бейнеге сілтеме:https://youtube.com/shorts/UUON8tw0I9g?feature=share Бейнеге сілтеме:https://youtube.com/shorts/G-Z4eMU5WAs?feature=share Бейнеге сілтеме:https://youtube.com/shorts/evt9HTjsLe8?feature=share