Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

«Адалдық – адамдықтың айнасы»

«Адалдық – адамдықтың айнасы»2025 жылдың 07 сәуір күні «Адалдық – адамдықтың айнасы» тақырыбында дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттермен еркін форматта кездесу өтті. Кездесуде арнайы спикер ретінде университет комплаенс – офицері Болат Жақсылықұлы баяндама жасады. Баяндама барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясат, мүдделер қақтығысы, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық, заң алдындағы жауапкершілік …

«Адалдық – адамдықтың айнасы» Read More »

«Таза табиғат – таза ой, таза өмір»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А.Абден «Таза табиғат – таза ой, таза өмір» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның тазалығының маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, болашақ ұрпаққа таза, көркем ел қалдыруға үлес қосуы керектігін ұғындыру.Тәрбие сағаты барысында табиғатты қорғауға арналған видеоматериалдар көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер экология …

«Таза табиғат – таза ой, таза өмір» Read More »

Семинар «Болашақ музыка мұғалімдерін мамандыққа даярлаудың жолдары»

31.03.2025 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) п.ғ. к. Ж.Таубалдиева «Болашақ музыка мұғалімдерін мамандыққа даярлаудың жолдары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.Мақсаты: Болашақ музыка мұғалімдерін даярлауда білім алушылардың шығармашылық біліктілігін арттыру және заманауи технологияларды меңгерудің жолдарын көрсету.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

28.03-02.04.2025 жылы Қостанай қаласында Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Ибраим Аиданы ІІ-орынға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

29-31.03.2025 жылы Алматы қаласында үлкен қашықтықта жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушыларын жүлделі орындарға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.1.Болатбекқызы Айана 10 км қашықтықта І – орын2.Кудайберген Сания 10 км қашықтықта ІІ – орын

Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді

01.04.2025 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейтов атындағы саз колледжінің бітіруші түлектерімен, Н.Тілендиев атындағы балалар музыка мектебі және балалар өнер мектебінің бітіруші түлектерімен және оқытушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында осы білім беру ұйымдарының түлектерімен және оқытушыларымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оларға университет туралы ақпарат берілді. 6В01410 …

Дене шынықтыру және өнер факультетінің шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізді Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

25-31.03.2025 жылы Шымкент қаласында Садақ атудан ересектер және (U29) арасындағы Қазақстан Республикасының кубогінің 1-кезеңінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Землянова Александраны жүлделі орынға ие болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Ересектер арасында олимпиадалық айналымда І-орынЕресектер арасында М-1 жаттығуында 1321 ІІ-орын

«ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «ҰЛАН» және «Шабыт» еріктілер тобының білім алушылары бастама көтеріп қаламыздың екі отбасына (көпбалалы жалғызбасты аналарына) азын-аулақ көмектерін азық-түлікпен ұсынып қайтты.