Арнайы пәндер апталығы өтуде
Біздің колледжде 2026 жылдың 7–24 сәуір аралығында арнайы пәндер апталығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған апталықтың басты мақсаты – студенттердің кәсіби білімін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқытушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Апталық аясында ашық сабақтар, семинар-тренингтер, танымдық іс-шаралар мен түрлі тақырыптық кездесулер жоспарланған. Әрбір өткізілетін сабақта заманауи оқыту әдістері қолданылып, студенттердің белсенді қатысуына ерекше мән берілуде. …










