Жаратылыстану факультеті

Ашық сабақ

21.11.2024 ж. Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Г.Д.Кастеева мен Қ.Ж.Шетиева физика-математика факультетінің 1-курс білімгерлері арасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша «Mind game» интеллектуалды ойын-сайысы түрінде ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: STEAM, CLIL, жасанды интеллект технологияларын сабақ беру барысында тиімді қолдану мүмкіндіктерін көрсету.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова, 19-шы қараша 2024 жылы,  1 курс білімгерлері, ИҚ111, МИҚ111, ИР111 топтарымен  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Онда «Сыбайлас жемқорлық» жөнінде видеоролик көрсетіліп, 2015 жылы Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылданып, бұл мәселе мемлекеттік саясаттың бір бөлігі екені,  Қазақстанда онымен …

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» Read More »

Ашық сабақ

2024 жылдың 19 қарашасында, педагогикалық практика аясында 2 курс докторанты, «8D01504 Информатика» БББ студенті Есейкызы Ұ. ИПМ-111тобы «7М01503 — Информатика» БББ магистранттар үшін «Мультимедиа және дәстүрлі оқыту (Жасанды интеллект негізінде)» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мультимедиялық технологиялар мен жасанды интеллектіні дәстүрлі білім беру процесіне енгізудің заманауи тәсілдері талқыланды. Жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктеріне, …

Ашық сабақ Read More »

«Google сервисінің мүмкіндіктері»

2024 жылғы 15 қарашада физика-математика факультетінің информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-лекторы Есейқызы Айым «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ИҚ111 тобына арналған «Google сервисінің мүмкіндіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің жасанды интеллектті пайдалана отырып зертханалық жұмысты орындауын қамтамасыз ету. Сабақ барысында HedraAI, ChatGPT және Flippity платформалары қолданылды.

«Жемқорлық – қоғамдық кесел»

2024 жылдың 14 қарашасында Физика-математика факультеті, Жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушы-ассистент Токанов М.М. АЖқ 211, АЖПқ 211, СЖқ 211 топ эдвайзері білімгерлермен «Жемқорлық – қоғамдық кесел» атты тақырыбында кураторлық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты:  жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын, академиялық адалдықты сақтау және емтихандарға қатысу ережелерін түсіндіру болды. Қоғамның жемқорлыққа деген көзқарасын өзгерту …

«Жемқорлық – қоғамдық кесел» Read More »

«Робототехника» бойынша үйірме

Үйірме туралы ақпарат: Үйірменің қызметі оқушылардың бастапқы инженерлік сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Зертханада сіз робототехника сабақтарында алған біліміңізді іс жүзінде нығайта аласыз. Сонымен қатар, сіздер әртүрлі Start-up конкурстарға, чемпионаттарға және инженерлік жобалар бойынша олимпиадаларға қатыса алатын өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды іске асыруға мүмкіндіктеріңіз болады. Үйірмеге жазылу үшін екінші оқу корпусының 320 кабинетіне өтіңіз (робототехника …

«Робототехника» бойынша үйірме Read More »

Ғылыми семинар

2024 жылғы 11-12 қарашада «STEM-білім берудің болашағы: физика-математика пәндерінің мұғалімдері үшін сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталған семинарға п. ғ. к., доцент, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Шуыншина Шолпан Мырзақасымқызы қатысты

Классикалық механика бойынша дәріс

Физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.м.-ғ.к. Г.К.Калжанова «Классикалық механика» пәні бойынша «Физика» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына ашық дәріс сабағын өткізді. Классикалық механика бойынша ашық дәріс сабағы тербелмелі қозғалыс тақырыбына арналды. Дәрістің мақсаты білім алушыларға тербелмелі қозғалыстарды сипаттау кезіндегі екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешуді үйрету болды. Дәріс барысында оқытушы материалды өз бетінше түсінуге бағыттайтын сұрақтар …

Классикалық механика бойынша дәріс Read More »

Практикалық сабақ

Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-ассистенті Айжан Маманқыззы Адамбекова ФҚ111 тобына «Электронды үкімет порталы қызметтермен жұмыс » тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді . Сабақта білім алушылар egov.kz порталының мүмкіндіктерімен танысып, электронды цифрлық қолтаңба және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйренді.

AI Assistant