Жаратылыстану факультеті

«Психологиялық және педагогикалық бағалау» практикасы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика-математика факультеті, Информатика және цифрландыру кафедрасының 6В01513 – Информатика (IP) мамандығының ИК-221 тобы білімгерлеріне «Психологиялық және педагогикалық бағалау» бағыты бойынша педагогикалық практиканың ұйымдастырылуы мен өту тәртібі түсіндірілді.Мерзімі 02.11.2026-28.11.2026ж.ж. аралығы. Конференция барысында практиканың мақсаты мен міндеттері, негізгі кезеңдері, орындалатын тапсырмалар және білімгерлерге қойылатын талаптар таныстырылды. Сонымен қатар, болашақ педагогтердің практика кезінде …

«Психологиялық және педагогикалық бағалау» практикасы Read More »

Кураторлық сағат

2026 жылғы 29 қазанда ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері Елепбергенова Айгуль Узбековна АЖАқ121 топ студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Іс-шара барысында әлеуметтік-экономикалық даму, білім мен ғылымды қолдау, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және жастардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне назар аударылды. Студенттер цифрлық технологиялар мен жасанды …

Кураторлық сағат Read More »

Республика күніне орай кураторлық сағат

Республика күніне орай физика-математика факультетінің «Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2-курс студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өткізді. Іс-шара аясында Қазақстан тарихы, мемлекеттіліктің қалыптасуы, ұлттық құндылықтар мен еліміздің жетістіктері туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Брейншторм» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. 🎯 Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, сондай-ақ сыни ойлау, зияткерлік …

Республика күніне орай кураторлық сағат Read More »

«Университетке алғашқы қадам: оқу жүйесі және инфрақұрылыммен танысу» атты кураторлық сағат

2026 жылғы 10 қыркүйекте 6В06103 – «Ақпараттық жүйелер архитектурасы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне топ кураторы Оразбаева Асель Айтмухамедовна «Университетке алғашқы қадам: оқу жүйесі және инфрақұрылыммен танысу» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатта деканның оқу ісі жқніндегі орынбасары М.М. Тоқанов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е. Қуатова мен кафедра меңгерушісі Л.А. Смагулова Жетісу университетінің оқу жүйесі …

«Университетке алғашқы қадам: оқу жүйесі және инфрақұрылыммен танысу» атты кураторлық сағат Read More »

Таныстыру экскурсиясы

2026 жылдың 10 қыркүйегінде АЖАқ121, АДқ111, АЖҚАДДқ111 топ білімгерлеріне топ кураторы А.Елепбергенова және кафедраның оқытушы-дәріскері А.Шалтабаев университет корпусымен таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – білімгерлерді оқу инфрақұрылымымен, аудиториялармен, зертханалармен және корпуста болудың негізгі ережелерімен таныстыру. Іс-шара барысында білімгерлерге оқу кабинеттерінің орналасуы, жалпы пайдаланылатын орындар, корпус инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары мен ішкі тәртіп ережелері …

Таныстыру экскурсиясы Read More »

Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика-математика факультеті, Физика және математика кафедрасын кезекті жарқын жеңісімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA RANKING) 2026 жылғы Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша университет бағдарламалары үздіктер қатарынан көрінді:1-орын — «D011 Физика педагогтерін даярлау» докторантура бағдарламалар тобы (еліміз бойынша ең үздік …

Құттықтаймыз! Read More »

«Қызылтас — Тасбақа» экосаябағы

2026 жылғы 5 қыркүйекте физика-математика факультетінің 1–4 курс студенттері «Қызылтас — Тасбақа» экосаябағының салтанатты ашылуына арналған іс-шараға қатысты.Аталған іс-шара бірінші курс студенттерінің университет ортасына бейімделу кезеңін тиімді ұйымдастыру, олардың жоғары курс білім алушыларымен танысып, өзара қарым-қатынас орнатуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілді. Бірлескен демалыс барысында студенттер арасында достық байланыс нығайып, ұйымшылдық пен өзара қолдау құндылықтары …

«Қызылтас — Тасбақа» экосаябағы Read More »

ZHETYSU CREATIVE CULTURE

Zhetysu University ғалымдарының инновациялық жобалары Астанадағы ZHETYSU CREATIVE CULTURE көрмесінде таныстырылуда2026 жылғы 15–16 тамыз күндері Астана қаласында Жетісу облысының мәдени, шығармашылық және инновациялық әлеуетін танытатын ZHETYSU CREATIVE CULTURE мәдени-креативті көрмесі өтуде.Көрмеге қатысушылардың бірі – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Жалгас Ундрусулы Ахметов. Ол көрме алаңында экологиялық таза электр көлігі саласындағы әзірлемелерін …

ZHETYSU CREATIVE CULTURE Read More »

Ғылыми тағылымдама

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультетінің  8D01504 — Информатика  білім беру  бағдарламасының 2 курс  докторанты А.Адамбекова  20.04.2026-20.05.2026 аралығында Анкараның Гази  университеті базасында  ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама шетелдік жетекші PhD, профессор Адем Текеректің жетекшілігімен өтті.  Тағылымдама барысында докторант шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысып, білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу және болашақ информатика мұғалімдерін даярлау …

Ғылыми тағылымдама Read More »

«РобоЖУ-2026» робототехника олимпиадасы

И.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің физика-математика факультетінің робототехника және мехатроника зертханасы қазіргі жастарды оқыту және тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 22 мамырда Жетісу облысының мектептері арасында жыл сайынғы «РобоЖУ-2026» робототехника бойынша олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға тоғыз команда қатысты. РобоФутбол байқауында бірінші орынды Қаратал ауданының Қ.Тоқаев атындағы орта мектебінен «KemelZhastary» командасы иеленді, Кегельринг байқауында …

«РобоЖУ-2026» робототехника олимпиадасы Read More »