Жаратылыстану факультеті

DIGITAL JETISU FORUM 2024

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,08.11.2024 ж. күні, 1, 2, 3, 4 курс, ИҚ111, ИҚ311, МИҚ311, СЖҚ211, ИСР211, АЖАҚ211, АИСР411, ИР211 топтарын қаламыздағы Атамекен кәсіпкерлер орталығында өткен «DIGITAL JETISU FORUM  2024» іс-шарасына алып барды. Форум тақырыптары: Форумның негізі мақсаты:  Жетісу өңірінің цифрлық дамуының негізгі мәселелерін талқылау болды.

“Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны”

Физика-математика факультеті,Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері,эдвайзер Н.Ермекова 1-курс студенттері ИҚ 111,МИҚ 111 топтарымен “Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны”тақырыбы аясында, қаламыздағы Бикен Римова атындағы театрға “Қос Мұңлық”қойылымына барды. Қойылым өте әсерлі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс!

31.10.2024 ж Куатбаева Д.Е ФҚ-111 тобымен жемқорлыққа байланысты кураторлық сағат өткізді.  Қазақстан Республикасында  сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды. Студенттер арасында талқылау болды.  Жамандыққа тосқауылды қояйып, Пара алғанның жолы жабық екенің анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер еліміздің болашағына зор үлесін қосады.

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 29 қазан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарда п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смагуловтың «Құзыреттілік және аксиологиялық тәсілдер негізінде болашақ математика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01501  Математика БББ докторанттары жұмыстары талданды. Семинар барысында білім берудегі құзыреттілік тәсілмен, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің мотивациясына әсер ететін аксиологиялық аспектілермен байланысты тақырыптар талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен …

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР Read More »

Кураторлық сағат

24 қазан 1 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының АЖК-121 тобының жетекшісі Шалтабаев Алтай Аканович 25 қазан Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді.Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.

Футзал-мерекелік ойын

25 қазан – Республика күніне орай Физика – математика факультетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен білімгерлер арасында футзалдан жарыс өтті. Тартысты жарыста «Физика» мамандығының 3 курс білімгерлері – 1-орын, қонақ команда Жаратылыстану – техникалық факультетінің оқытушылары – 2-орын, Физика – математика факультетінің оқытушылары 3-орын иеленді. Жарыстың үздік ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жобалық жұмыс

21.10.2024 ж. п. ғ. магистрі және оқытушы-дәріскер Есжанова С.Г. «Дискретті математика және математикалық логика» пәні аясында 4 курс студенттерімен Жобалық жұмыс жүргізді. Бұл жоба математика түлектерін оқытудың маңызды элементі болып табылады. Бұл теориялық білімді бекітуге, оны іс жүзінде қолдануға, студенттерді кәсіби қызметке дайындауға және мансапта да, одан әрі зерттеуде де пайдалы болатын көптеген дағдыларды дамытуға …

Жобалық жұмыс Read More »

«Айналу денелері» тақырыбы бойынша ашық сабақ

21.10.2024 ж. п.ғ. магистрі Есжанова С.Г. «Айналу денелері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ студенттердің теориялық білімін тереңдетуге және оны практикада қолдануға дағдыландыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды пайдалану, көрнекілік құралдары және интерактивті әдістер сабақтың сапасын арттырып, оқыту тиімділігін жоғары деңгейге көтереді.

Ашық сабақ

17.10.2024 ж. профессор, ф.-м. ғ. д. Нұрғабыл МПМ-211 тобының магистранттарында «конъюгацияланған және гетерогенді өлкелік міндеттер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ математикалық әдістерді және олардың ғылым мен технологиядағы рөлін терең түсінуге бағытталған маңызды қадам болды. Магистранттар шеткі есептерді шешудің теориясы мен әдістерімен танысты, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолданды.

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

Ғылым және білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында «Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» гранттық қаржыландыру жобасын (ЖТН AP22683901) іске асыру аясында Ә.Б.Абдулаева мен п.ғ.к. Н.Ж.Жанатбекова «Жоғары оқу орындарында физика-математикалық бағыттағы болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдіру: теория мен практика интеграциясы» тақырыбындағы ғылыми семинар жұмысына қатысты. Семинар И.Арабаев атындағы Қырғыз …

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР Read More »

AI Assistant