Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушылары Көксу ауданы бойынша мектептерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушылары Көксу ауданы бойынша мектептерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-ассистенті Айжан Маманқыззы Адамбекова ФҚ111 тобына «Электронды үкімет порталы қызметтермен жұмыс » тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді . Сабақта білім алушылар egov.kz порталының мүмкіндіктерімен танысып, электронды цифрлық қолтаңба және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйренді.
Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,08.11.2024 ж. күні, 1, 2, 3, 4 курс, ИҚ111, ИҚ311, МИҚ311, СЖҚ211, ИСР211, АЖАҚ211, АИСР411, ИР211 топтарын қаламыздағы Атамекен кәсіпкерлер орталығында өткен «DIGITAL JETISU FORUM 2024» іс-шарасына алып барды. Форум тақырыптары: Форумның негізі мақсаты: Жетісу өңірінің цифрлық дамуының негізгі мәселелерін талқылау болды.
Физика-математика факультеті,Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері,эдвайзер Н.Ермекова 1-курс студенттері ИҚ 111,МИҚ 111 топтарымен “Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны”тақырыбы аясында, қаламыздағы Бикен Римова атындағы театрға “Қос Мұңлық”қойылымына барды. Қойылым өте әсерлі болды.
31.10.2024 ж Куатбаева Д.Е ФҚ-111 тобымен жемқорлыққа байланысты кураторлық сағат өткізді. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды. Студенттер арасында талқылау болды. Жамандыққа тосқауылды қояйып, Пара алғанның жолы жабық екенің анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер еліміздің болашағына зор үлесін қосады.
2024 жылғы 29 қазан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарда п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смагуловтың «Құзыреттілік және аксиологиялық тәсілдер негізінде болашақ математика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01501 Математика БББ докторанттары жұмыстары талданды. Семинар барысында білім берудегі құзыреттілік тәсілмен, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің мотивациясына әсер ететін аксиологиялық аспектілермен байланысты тақырыптар талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен …
24 қазан 1 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының АЖК-121 тобының жетекшісі Шалтабаев Алтай Аканович 25 қазан Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді.Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
25 қазан – Республика күніне орай Физика – математика факультетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен білімгерлер арасында футзалдан жарыс өтті. Тартысты жарыста «Физика» мамандығының 3 курс білімгерлері – 1-орын, қонақ команда Жаратылыстану – техникалық факультетінің оқытушылары – 2-орын, Физика – математика факультетінің оқытушылары 3-орын иеленді. Жарыстың үздік ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
21.10.2024 ж. п. ғ. магистрі және оқытушы-дәріскер Есжанова С.Г. «Дискретті математика және математикалық логика» пәні аясында 4 курс студенттерімен Жобалық жұмыс жүргізді. Бұл жоба математика түлектерін оқытудың маңызды элементі болып табылады. Бұл теориялық білімді бекітуге, оны іс жүзінде қолдануға, студенттерді кәсіби қызметке дайындауға және мансапта да, одан әрі зерттеуде де пайдалы болатын көптеген дағдыларды дамытуға …
21.10.2024 ж. п.ғ. магистрі Есжанова С.Г. «Айналу денелері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ студенттердің теориялық білімін тереңдетуге және оны практикада қолдануға дағдыландыруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды пайдалану, көрнекілік құралдары және интерактивті әдістер сабақтың сапасын арттырып, оқыту тиімділігін жоғары деңгейге көтереді.