Жаратылыстану факультеті

«Робототехника» бойынша үйірме

Үйірме туралы ақпарат: Үйірменің қызметі оқушылардың бастапқы инженерлік сауаттылығын дамытуға және қалыптастыруға бағытталған. Зертханада сіз робототехника сабақтарында алған біліміңізді іс жүзінде нығайта аласыз. Сонымен қатар, сіздер әртүрлі Start-up конкурстарға, чемпионаттарға және инженерлік жобалар бойынша олимпиадаларға қатыса алатын өз идеяларыңыз бен жобаларыңызды іске асыруға мүмкіндіктеріңіз болады. Үйірмеге жазылу үшін екінші оқу корпусының 320 кабинетіне өтіңіз (робототехника …

«Робототехника» бойынша үйірме Read More »

Ғылыми семинар

2024 жылғы 11-12 қарашада «STEM-білім берудің болашағы: физика-математика пәндерінің мұғалімдері үшін сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталған семинарға п. ғ. к., доцент, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Шуыншина Шолпан Мырзақасымқызы қатысты

Классикалық механика бойынша дәріс

Физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.м.-ғ.к. Г.К.Калжанова «Классикалық механика» пәні бойынша «Физика» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларына ашық дәріс сабағын өткізді. Классикалық механика бойынша ашық дәріс сабағы тербелмелі қозғалыс тақырыбына арналды. Дәрістің мақсаты білім алушыларға тербелмелі қозғалыстарды сипаттау кезіндегі екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешуді үйрету болды. Дәріс барысында оқытушы материалды өз бетінше түсінуге бағыттайтын сұрақтар …

Классикалық механика бойынша дәріс Read More »

Практикалық сабақ

Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-ассистенті Айжан Маманқыззы Адамбекова ФҚ111 тобына «Электронды үкімет порталы қызметтермен жұмыс » тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді . Сабақта білім алушылар egov.kz порталының мүмкіндіктерімен танысып, электронды цифрлық қолтаңба және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын үйренді.

DIGITAL JETISU FORUM 2024

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,08.11.2024 ж. күні, 1, 2, 3, 4 курс, ИҚ111, ИҚ311, МИҚ311, СЖҚ211, ИСР211, АЖАҚ211, АИСР411, ИР211 топтарын қаламыздағы Атамекен кәсіпкерлер орталығында өткен «DIGITAL JETISU FORUM  2024» іс-шарасына алып барды. Форум тақырыптары: Форумның негізі мақсаты:  Жетісу өңірінің цифрлық дамуының негізгі мәселелерін талқылау болды.

“Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны”

Физика-математика факультеті,Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері,эдвайзер Н.Ермекова 1-курс студенттері ИҚ 111,МИҚ 111 топтарымен “Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны”тақырыбы аясында, қаламыздағы Бикен Римова атындағы театрға “Қос Мұңлық”қойылымына барды. Қойылым өте әсерлі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс!

31.10.2024 ж Куатбаева Д.Е ФҚ-111 тобымен жемқорлыққа байланысты кураторлық сағат өткізді.  Қазақстан Республикасында  сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды. Студенттер арасында талқылау болды.  Жамандыққа тосқауылды қояйып, Пара алғанның жолы жабық екенің анық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер еліміздің болашағына зор үлесін қосады.

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 29 қазан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарда п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смагуловтың «Құзыреттілік және аксиологиялық тәсілдер негізінде болашақ математика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01501  Математика БББ докторанттары жұмыстары талданды. Семинар барысында білім берудегі құзыреттілік тәсілмен, сондай-ақ болашақ мұғалімдердің мотивациясына әсер ететін аксиологиялық аспектілермен байланысты тақырыптар талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен …

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР Read More »

Кураторлық сағат

24 қазан 1 курс Ақпараттық жүйелер мамандығының АЖК-121 тобының жетекшісі Шалтабаев Алтай Аканович 25 қазан Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді.Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.