Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 25–29 наурыз күндері Орал қаласында сурдо еркін күрестен U23 ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: Рамазан Әбдрасіл — І орынДидар Бурамбай — ІІ орын Университет намысын қорғаған жас палуандарды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да …

Құттықтаймыз! Read More »

Топтық тренинг

Университет психологы Гульнара Балабекқызы және «Педагогика және психология» факультетінің 4-курс практиканты университет жатақханасында топтық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – студенттер арасындағы бірлік пен командалық жұмысты дамыту. Іс-шара өте тиімді өтті: қатысушылар логикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, шығармашылық және өнертапқыштық тапсырмалар бойынша жарысып, спорттық ептіліктерін де көрсетті. Сонымен қатар, сенімділік, тиімді қарым-қатынас және топпен жұмыс жасау дағдыларын …

Топтық тренинг Read More »

Web of Science, Scopus деректер базасындағы ғылыми журналдарға тікелей мақала беру» ғылыми семинары

7 сәуір 2026 ж. сағат 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде докторанттар мен ПОҚ-қа арналған «Web of Science, Scopus деректер базасындағы ғылыми журналдарға тікелей мақала беру» ғылыми семинары өтті. Семинар спикері – Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Карашолакова Лаззат Наушабаевна. Ғылыми семинар барысында қатысушыларға Scopus және Web of Science деректер базаларындағы жоғары рейтингті журналдарды таңдау …

Web of Science, Scopus деректер базасындағы ғылыми журналдарға тікелей мақала беру» ғылыми семинары Read More »

«Жасанды интеллектінің журналистикада пайдалану тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

Журналистика кафедрасының оқытушы-дәріскері Ілескен Әлбатырұлының ұйымдастыруымен ҚБҚ-211 тобының білімгерлері ««Жасанды интеллектінің журналистикада пайдалану тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Іс-шара барысында білімгерлер жасанды интеллектінің пиар және журналистика салаларындағы рөлін жан-жақты қарастырып, видео контент дайындау және контент-менеджменттің заманауи тәсілдері бойынша мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар мәтіндік контент әзірлеуде қолданылатын шаблон түрлері таныстырылып, олардың артықшылықтары мен әлсіз тұстарына …

«Жасанды интеллектінің журналистикада пайдалану тетіктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті Read More »

«Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» тақырыбында ғылыми семинар

Бүгін Ғылым декадасы аясында Физика-математика факультетінде «Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Аталған іс-шараға факультеттегі ғылыми үйірмелер мүшелері белсенді қатысты. Шара студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталды. Семинар барысында қатысушылар өз ғылыми идеяларымен бөлісіп, заманауи зерттеу бағыттарын талқылады, сондай-ақ тәжірибе алмасты. Аталған алаң жас зерттеушілер үшін жаңа бастамаларға жол ашып, ғылыми …

«Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» тақырыбында ғылыми семинар Read More »

 «Science Battle: Ғалым болуға бір қадам» инновациялық және ғылыми идеялар хакатоны

Ғылым декадасы аясында Физика-математика факультетінде «Science Battle: Ғалым болуға бір қадам» инновациялық және ғылыми идеялар хакатоны өтеді. 2026 жылғы 8 сәуір, сағат 10:00-де, ІІ оқу ғимараты  №324 диссертациялық кеңес залы #SDG #ЦУР #ТДМ

“Заң мен тәртіп” халықаралық форматта

2026 жылдың 6 сәуірінде Жетісу университетінде шетелдік студенттер үшін «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттарын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Заң және экономика факультетінің деканы Телеуев Ғ.Б., заңгер, профессор Молдабеков Б.Е., сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Қабыкенов Б.Ж. спикер ретінде қатысып, баяндама жасады. Кездесуді Жетісу университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы мен Жастар саясаты мен әлеуметтік даму бөлімі …

“Заң мен тәртіп” халықаралық форматта Read More »

Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионында волейбол жарысы басталды

Бүгін Талдықорған қаласындағы Жетісу волейбол орталығында Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионы бойынша волейбол жарысы старт алды. Үш күнге жоспарланған турнирде Шығыс дивизионына тиесілі жоғары оқу орындарының командалары өзара күш сынасады. Алғашқы күні Шәкәрім университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, Семей медицина университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті командалары кездесу өткізеді. …

Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионында волейбол жарысы басталды Read More »

Хабарландыру!

2026 жылғы 09 сәуірде сағат 10.00-де І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)                            Қ.Сарбасова атындағы лингводидактикалық зертхананың ашылу салтанаты өтеді. 2026 жылғы 09 сәуірде сағат 10.30-да ғылым онкүндігі аясында мектеп оқушылары арасында ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтеді. Ұйымдастырушы:  Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы #SDG #ЦУР #ТДМ

Хабарландыру!

Ғылым декадасының аясында Физика-математика факультетінде 2026 жылғы 7 сәуір күні сағат 16:00-де, №324 диссертациялық кеңес залында«Патент деген не? Патент алу шарттары» тақырыбында ғылыми семинар өтеді. Семинар барысында зияткерлік меншік ұғымы, патент алудың негізгі талаптары мен рәсімдері қарастырылып, қатысушыларға практикалық ақпарат ұсынылады. Семинар жүргізушісі: техника ғылымдарының кандидаты Ж.Ш. Узденбаев #SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant