Жаңалықтар

Ұлттық цифрлық трансформация идеясын жүзеге асырудағы ғылым мен білімнің рөлі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ұлттық цифрлық трансформация идеясын жүзеге асырудағы ғылым мен білімнің рөлі» тақырыбында жиын өтті.Шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау болды. Талқылауға университет ұжымы, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары Асхат …

Ұлттық цифрлық трансформация идеясын жүзеге асырудағы ғылым мен білімнің рөлі Read More »

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Бұл – университет ұжымы үшін зор қуаныш әрі үлкен мәртебе. Ермек Әбілтайұлын жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіне табыс, ғылым жолында жарқын жетістіктер мен биік белестер …

Құттықтаймыз! Read More »

Ашық білім беру орталығы ашылды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Ашық білім беру орталығы өз жұмысын бастады. Аталған орталық елдер арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң болмақ. «Менің тарихым» гуманитарлық ғылымдар қоры мен Ресей Федерациясы Білім министрлігінің қолдауымен 2025 жылы Қазақстандағы 400-ден астам тыңдаушы орыс тілі мен мәдениетін тереңірек меңгеріп, өз көкжиегін кеңейтіп, жаңа …

Ашық білім беру орталығы ашылды Read More »

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Президенттің әр Жолдауы еліміздің болашағы үшін серпін беретін, бағыт-бағдарымызды айқындайтын тың бастамалар мен нақты тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған саяси құжат. Мемлекет басшысы Жолдауда бүгінгі әлемдік ахуал күрделі кезеңмен ұштасып …

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ Read More »

English Language Fellow бағдарламасы аясында АҚШ бас консулдығымен кездесу

Гуманитарлық факультетінің шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы English Language Fellow халықаралық бағдарламасы конкурсына қатысып, нәтижесінде бір академиялық жылға шетелдік ерікті-оқытушыны шақырту мүмкіндігіне ие болды. АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастыратын осы бағдарлама аясында Жетісу университетіне АҚШ-тан ерікті-оқытушы Bronwyn Schieber (Georgetown University), Консулдықтың Қоғамдық дипломатия бөлімінің, сондай-ақ Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері Жетісу университетіне келеді. …

English Language Fellow бағдарламасы аясында АҚШ бас консулдығымен кездесу Read More »

Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу подкаст

«Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың көпсалалы стратегиялары» жобасы аясында университет телестудиясында «Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу» тақырыбында сұхбат (подкаст) өтті. Сұхбатқа әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор Болат Сериев, университет психологы Гүлнара Исламжанова және облыстық Психикалық денсаулық орталығының психиатры Бейбіт Мұстафа қатысты. Сұхбат барысында жастар арасында жиілеп бара жатқан үлкен …

Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу подкаст Read More »

Ақпараттық-әдістемелік семинар

Ғ.Орманов атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақпараттық-әдістемелік семинар өтті. Іс-шараға кітаппен қамтамасыз ету №1 қосымшасына жауапты оқытушылар мен кафедра меңгерушілері қатысты. Семинар барысында кітапхананың электрондық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану жолдары талқыланып, басқа да өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар маңызды ақпарат алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті. #SDG #ЦУР #ТДМ

«Учусь великому» іс-шарасы

Орыс тілі еліміздің білім беру саласында және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Осы үдерісті қолдау мақсатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында ҚР жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ауқымды білім беру жобасы – «Учусь великому» іс-шарасы өтеді. Бұл шара еліміз бойынша орыс тілін оқытуға арналған жаңа орталықтың алғашқы қадамы болмақ. Төрт күнге созылатын мазмұнды …

«Учусь великому» іс-шарасы Read More »

Ғ.Орманов атындағы кітапханада өтетін №1 қосымшасына арналған семинар

Құрметті кафедра меңгерушілері және оқытушылар! Сіздерді Ғ.Орманов атындағы кітапханада өтетін  №1 қосымшасына арналған семинарға қатысуға шақырамыз! Уақыты: 04.09.2025 Сағат: 10:00 Өтетін орны: Ғ.Орманов атындағы кітапхана, магистранттар мен докторанттар залы, 2-қабат #SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant