Жаңалықтар

Хабарландыру!

Ғылым декадасы аясында Физика-математика факультетінде 2026 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-де, №324 диссертациялық кеңес залында «Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» тақырыбында ғылыми семинар өтеді. Аталған іс-шара факультеттегі ғылыми үйірмелер мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылып, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, жаңа идеяларды талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталған. #SDG #ЦУР #ТДМ

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 27–29 наурыз күндері Алматы қаласында шосседе спорттық жүріс пен ұзын қашықтыққа жүгіруден қысқы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. 🥇 Болатбекқызы Айана — 10 км қашықтыққа жүгіруден І орын🥉 Тумарбекова Дагара — 5 км қашықтыққа жүгіруден ІІІ орын иеленді. …

Құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 23–27 наурыз аралығында Тараз қаласында қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және спорт факультетінің студенттері Зейнеп Тусупбек 55 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Аяулым Даниярқызы 45 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді. Зейнеп пен Аяулымды жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда да биіктен көрініңіздер! #SDG #ЦУР …

Құттықтаймыз! Read More »

Ғылым декадасының ашылуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасындағы Марке политехникалық университетінің филиалында Ғылым декадасы аясында ашық есік күні өтті. Шараға Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, №20 және М. Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің оқушылары қатысты. Ғылым декадасының ашылуында Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, апталық аясында атқарылатын шаралардың маңызына тоқталды.«Ғылым декадасы – …

Ғылым декадасының ашылуы Read More »

АТА-АНАЛАР МЕН 10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ZU SCIENCE TOUR»

📅 Күні: 2026 жылғы 7 сәуір📍 Орны: Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты, II оқу ғимараты ⏰ Уақыты: 10.00 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 10-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын «ZU Science Tour» – университеттің зертханалары, зерттеу орталықтары мен ғылыми жобалары бойынша қызықты экскурсияға шақырады! 🌟 Сіздерді не күтеді?✅ Заманауи зертханалармен және инновациялық технологиялармен таныстыру✅ Нақты …

АТА-АНАЛАР МЕН 10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ZU SCIENCE TOUR» Read More »

«XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар! Сіздерді 2026 жыл, 8 сәуір күні сағат 10.00-де өтетін «XXI ғасыр: ғылым және инновациялар» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Бас оқу ғимараты, 313 конференц залы. Zoom конференциясына қосылу https://us06web.zoom.us/j/7793949401?pwd=jaxeRuliXZSgE1xLOQjzMpIRrdf85N.1 Конференция идентификаторы 779 394 9401 Кіру коды 7777 Конференция …

«XXI ғасыр: ғылым және инновация» атты жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Read More »

Халықаралық жоба аясында Цюрих университетіндегі ғылыми-зерттеу тағылымдама

2026 жылғы 1 наурыз және 1 сәуір аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия ғылымдарының кандидаты Рахипова Сайра Қасымқызы Цюрих университетінде халықаралық ғылыми-зерттеу тағылымдамада болды. Бұл іссапар «Non-Western Migration Regimes in a Global Perspective» («Ғаламдық перспективадағы батыстық емес көші-қон режимдері») халықаралық жобасы аясында Цюрих университетінің Өнер және …

Халықаралық жоба аясында Цюрих университетіндегі ғылыми-зерттеу тағылымдама Read More »

«JAS GALYM» ЖӘНЕ «ZHETYSU STARTUP» ЖОБАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

📅 Күні: 2026 жылғы 6 сәуір📍 Орны: Итальяндық Марке политехникалық университетінің филиалының кампусы ⏰ Уақыты: 09.00 🔬 Ғылым және бизнес – инновацияға жол! І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті сіздерді Ғылым декадасы – 2026 аясында ұйымдастырылған «Jas Galym» және «Startup» үздік жобалар көрмесіне шақырады! 🔥 Сіздерді не күтеді?✅ Ең инновациялық ғылыми және бизнес-жобалар✅ Авторлар мен сарапшылардың …

«JAS GALYM» ЖӘНЕ «ZHETYSU STARTUP» ЖОБАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ Read More »

«Наурыз – жаңару мен бірлік мерекесі»

Абай этно-ауылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ұжымы әз-Наурыз мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. «Наурыз – жаңару мен бірлік мерекесі» атты думанды шара университет ұжымын, студенттер мен қала тұрғындарын бір арнаға тоғыстырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды мерекеге айналды. Жиында университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев барша қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз береке мен …

«Наурыз – жаңару мен бірлік мерекесі» Read More »

Журналистика саласындағы халықаралық әріптестік нығая түсті

Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінде «Аудиовизуалды журналистиканың мәселелері, даму стратегиялары және стандарттарды үйлестіру» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараға түрлі мемлекеттерден зерттеуші-ғалымдар, журналистер мен сарапшылар қатысты. Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орнынан келген ғалымдар да конференция жұмысына белсенді қатысып, баяндама жасады. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті атынан журналистика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Каримова Б.Ж. қатысып, мазмұнды …

Журналистика саласындағы халықаралық әріптестік нығая түсті Read More »

AI Assistant