Жаңалықтар

Байқау

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өнерлі жастардың «Үздік» байқауы өтті. Шараға білім ордасындағы жоғары мектептерден жас дарындар қатысты.Көрерменге көңіл-күй сыйлап, көрнекті сайыс өрнегін көрсеткен студенттер үш номинация бойынша өзара сынға түсті. Нәтижесінде гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің білімгері Арина Михайлова үздік әнші атанды. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Heart Beat» би тобы үздік бишілер деп танылды. Ал, гуманитарлық …

Байқау Read More »

Семинар

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының базасында «Антикоррупционная экспертиза нормативных правовых актов» семинары өтті. Семинарды І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық саласындағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының сарапшысы Нұрмұханқызы Дания өткізді. Семинарға университет оқытушылары мен …

Семинар Read More »

Түркия стипендиялары

Дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес түрік тарапы «Түркия стипендиялары» бағдарламасы шеңберінде бакалавр және магистрант үміткерлері мен зерттеушілер үшін Түркия Республикасында грант негізінде білім алу немесе зерттеулер жүргізу мүмкіндігін ұсынғанын хабарлаймыз. Толық ақпаратты www.turkiyeburslari.gov.tr сілтемесі арқылы табуға болады. Құжат қабылдау мерзімі 2023 жылғы 20 ақпанға дейін.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Талдықорған қаласының мектеп түлектері үшін кәсіптік бағдар беру жұмыстары Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Талдықорған қаласының мектеп түлектері үшін жүргізілуде. Кезекті кездесу Барлыбек Сыртанұлы атындағы №25 мектебін аяқтаушылармен өтті. Жиынға 9, 10, 11 сыныпта оқып жатқан 214 болашақ білімгер қатысты. Аталмыш білім ордасын аяқтаушылардың арасында Жетісу университетінде оқуға ниеттеніп отырған жастар көп. Осыған сәйкес, түлектерге оқу …

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Read More »

Құттықтаймыз!

Агрономия мамандығының 3 курс білімгерлері 2022 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» білім беру бағдарламасы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Тілеужанова Әсел, Шабден Аяулым, Сұлтан Саят, Әлімғазы Арайлым III-дәрежелі дипломмен марапаталды. Жеңімпаздарды Техникалық ғылымдар жоғары метебінің деканы Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы құттықтады. Студенттерге алдағы уақытта да биік белестерге жетуін тіледі.

Кездесу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде танымал имам, дінтанушы-психолог Қанат Маратұлымен «Салтын білмеген – сауапты түсінбейді» атты кездесу өтті. «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға оқу ордасының білімгерлері қатысты. Қанат мырза көптің көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын талқылады. Бабаларымыздың қанымен, жанымен келген еркіндікті, қарапайым тұрмыс-тіршіліктің деңгейінде қалып қою қаупі бар тілімізді, …

Кездесу Read More »

Байқау

«ADALPOSTER» сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үлестірме материалдар жасау байқауы Байқау өту мерзімі: 2023 жылғы 24 қаңтардан 7 ақпанға дейін. Электрондық пошта: compliance.zhu@mail.ru Байқау «Үздік постер», «Үздік флайер», «Үздік брошюра» атты 3 номинацияда бағаланады. Қатысу үшін 3 номинацияның біреуін ғана таңдау керек.

Конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2023 жылдың 17-20 ақпан аралығында э.ғ.д., профессор Данияр Алтаевич Калдияровтың 60 жылдығына арналған «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында ғылым мен білімнің тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция жұмысының бағыттары: 1. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы. 2. Қазақстан Республикасында мемлекет пен құқықты дамытудың өзекті мәселелері. 3. Өңірлер мен ел экономикасының тұрақты дамуы …

Конференция Read More »

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Кербұлақ ауданының мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. 2023 жылғы 24 қаңтарда Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы Н. Әлмұханбетов атындағы орта мектебінің оқушыларына арналған кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды. Жиынға Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының директоры – Смагулова Самал Алпысбековна және философия докторы (Phd), педагогика және …

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары Read More »