Жаңалықтар

«Міндетті ушжылдық жұмыс өтемі» бойынша бітіруші түлектермен онлайн кездесу өтті

2025 жылғы 03 сәуірде «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен педагогикалық және басқа мамандықтар, мемлекеттік білім грантында, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерге арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға бакалавриат — 251, магистратура — 67, докторантура бойынша — 16 түлек қатысты. Барлығы: 334.Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы …

«Міндетті ушжылдық жұмыс өтемі» бойынша бітіруші түлектермен онлайн кездесу өтті Read More »

«Арнайы пәндер» айлығы

2025 жылдың 31 наурыз — 25 сәуір аралығында «Арнайы пәндер» циклдық комиссиясының айлығы өтеді. ПЦК оқытушылары мен студенттері жыл сайын пән айлығын өткізуге белсенді қатысады.Шараның ашылуы 31 наурызда өтті. Онда ПЦК жетекшісі – Р.Айнакузева айлықты өткізу мақсатын атап өтіп, жоспарымен таныстырды. Жиынға барлық топ өкілдері мен пән оқытушылары қатысты.Айлық барысында студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған …

«Арнайы пәндер» айлығы Read More »

«Ғылым декадасы – 2025»

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар! 📅 2025 жылдың 7-24 сәуір аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым декадасы – 2025 аясында іс-шаралар өтеді. Ғылым – бұл жаңа білім мен озық технологияларды үздіксіз іздеу. 🚀 Ғылым декадасы – 2025 «XXI ғасыр: ғылым және инновациялар» жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен ашылады, ол қазіргі ғылыми …

«Ғылым декадасы – 2025» Read More »

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандум

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру білім ордасының басым бағыттарының бірі екенін айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айналуы керек деген еді. Осы орайда мемлекеттік тілді …

Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандум Read More »

«Халық банк» АҚ-ның демеушілігімен университет ауласына ағаш көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміз бойынша жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл шараға Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері де атсалысуда. Бүгін Талдықорған қаласындағы «Халық банк» АҚ-ның демеушілігімен университет ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. Қоршаған ортаны сақтауды мақсат еткен шараға демеушілік көрсеткені үшін университет ректоры Ермек Бөрібаев банк әкімшілігіне алғыс айтты. «Жас көшеттер жайқалып өссе, қаламыздың экологиясы …

«Халық банк» АҚ-ның демеушілігімен университет ауласына ағаш көшеттері отырғызылды Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жуырда Алматы қаласында үлкен қашықтықта жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Болатбекқызы Айана 10 км қашықтықта жүгіруден жүлделі І орынды , Кудайберген Сания ІІ орынды иеленді. Жүлдегерлерді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

Болашақ «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды тапсыру бойынша семинар

Халықаралық ынтымақтастық орталығы құқық және экономика факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Болат Әлібек Алмазұлымен бірлесіп «Болашақ — 500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды тапсыру» тақырыбында  семинар өткізеді. Семинарда қарастырылатын мәселелер: — Үміткерлерге қойылатын талаптар; — Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО-лар, ғылыми орталықтар, ұйымдар; — Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі; — Қаржыландыру мәселелері; …

Болашақ «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды тапсыру бойынша семинар Read More »

2025-2026 оқу жылының 1-семестріне академиялық ұтқырлық бойынша конкурс

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2025-2026 оқу жылының 1- семестрінде бакалавриаттың 1-2 курс білімгерлері арасында академиялық ұтқырлық бойынша әріптес шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға конкурс жариялайды. ҚР ҒЖБМ визалық шығындарды, тұру, сақтандыру және консулдық алымдардың шығындарын өтейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:• GPA 3.0-ден жоғары;• Ағылшын тілін меңгеру деңгейі В2-ден төмен емес (кем дегенде IELTS 5.5);• …

2025-2026 оқу жылының 1-семестріне академиялық ұтқырлық бойынша конкурс Read More »

2025 жылғы «STARTUP» байқауының үшінші кезеңі аяқталды

2025 жылғы «STARTUP» байқауының үшінші кезеңі аяқталды Байқаудың үшінші кезеңіне 45 жоба ұсынылды. Қатысушылар инновациялық идеялары мен әзірлемелерін көрсеткен жобаларын сәтті қорғалды. Әрбір команда бизнес пен технологиялардың дамуына жаңа серпін беретін бірегей тұжырымдамалар ұсынды. Түрлі салаларды қамтитын жобаларды сарапшылар комиссиясы инновациялық сипаттамалары, жаңашылдығы мен идея өзектілігі, инвестициялық тартымдылығы және коммерциализациялану деңгейі бойынша бағалады. Сондай-ақ жобаның …

2025 жылғы «STARTUP» байқауының үшінші кезеңі аяқталды Read More »

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде құқықтық сауаттылық» кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжановтың профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесуі өтті. Кездесуді Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев жүргізіп, жиынның мақсатына тоқталды. Кездесуде департамент басшысы С.Ахметжанов еліміз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-қимыл шараларына тоқталып, облыс бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық …

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретінде құқықтық сауаттылық» кездесу Read More »

AI Assistant