Жаңалықтар

Табиғат өз қолымызда!

Бүгінгі таңда  экология және қоршаған ортаны таза ұстау мәселесі маңызды. Себебі, қоршаған ортаны қорғау– адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, демалыcы үшiн қолайлы жағдай жасау. Осы орайда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері «Эко сағат» акциясын ұйымдастырып,  тазалық жұмысын жүргізді. «Жеке адамдардың экологиялық мәдениетін арттыру үшін мұндай тазалық акцияларының маңызы зор. Себебі, табиғатқа жанашырлықпен …

Табиғат өз қолымызда! Read More »

«Шын жүректен»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы бірнеше жылдан бері Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балаларды қолдау орталығына  қамқорлық көрсетіп келеді. Мереке күндері университет қызметкерлері мен студенттері балалар үйіне арнайы барып, сыйлық беріп,  танымдық ойындар ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің көңілін көтеріп қайтады. Балаларға  үнемі көмек көрсету мақсатында студенттер еріктілер тобын құрды. «Райс-ап» тобының мүшелері  айналайындықтарға ағылшын тілін тегін үйретіп, үй тапсырмаларын …

«Шын жүректен» Read More »

«Ұлттық құрылтай: Дала демократиясының жаңару дәуірі» атты дөңгелек үстел

Бурабайда өткен ІV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Президент Қ.Тоқаев қазақ халқының тарихы мен оның әлем тарихында алатын орнына ерекше тоқталды. Осыған орай, Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары «Тарих» мамандығының білімгерлеріне Қазақстанның болашақ дамуын айқындайтын маңызды диалог алаңы – Ұлттық құрылтайдың мазмұнын таныстырды. #SDG #ЦУР #ТДМ

«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 14 сәуір күні Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры М.Р. Катенованы еске алуға арналған «Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияның мақсаты – тілдер мен мәдениет арасындағы байланыстарды тереңірек зерттеп, халықаралық коммуникация мен мәдениетаралық диалогты дамыту бағытындағы ғылыми зерттеулерді ілгерлету. Бұл маңызды шарада …

«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Read More »

Сенбілік

Табиғат – тіршілік көзі. Оны қорғау, аялау, жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны таза ұстау – адамзаттың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Осы орайда әрбір адам айналасын таза ұстап, қала көркіне үлес қосуы қажет.Дәл осындай бастамамен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері «Taza Like» республикалық акциясын ұйымдастырды.Акция аясында жұмыла жұмыс істеп, университет ауласы мен айналасын …

Сенбілік Read More »

Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – ассистенті М.Заманбеков факультетіміздің белсенді білім алушылар арасында тоғызқұмалақ ойынан жарсы өткізді. Біз ұлттық спортты дамыту арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулып, рухани құндылықтарды сақтай аламыз. Ұлттық спорт түрлерін қолдап, оларды насихаттай отырып, өз мәдениетімізді дәріптейік!

Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Түркияның Конья қаласында орналасқан Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Неджметтин Эрбакан университеті – 2010 жылы құрылған мемлекеттік оқу орны. Университетте 20 000-нан астам студент білім алады, оның 800-ден астамы шетелдік студенттер. Times Higher Education (THE) халықаралық рейтингінде университет «Білім беру» бағыты бойынша топ-600, «Инженерлік ғылымдар» бағыты бойынша …

Неджметтин Эрбакан университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум Read More »

Жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«XXI ғасыр: ғылым және инновациялар» атты жас ғалымдар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияКүні: 07.04.2025 ж.Уақыты: 10.00Өткізу орны: Бас оқу ғимараты, 313 мәжіліс залыҰйымдастырушы: Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі #SDG #ЦУР #ТДМ

Хабарландыру!

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 2025 жылғы 17 сәуірде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына шақырады. «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру; шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және …

Хабарландыру! Read More »

AI Assistant