Жаңалықтар

«ZHETYSU – STARTUP» байқау жеңімпаздарын марапаттау

2021 жылғы 21 желтоқсанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жас жаңашылдар арасында «ZHETYSU – STARTUP» инновациялық идеялар және бизнес жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті. Байқау жеңімпаздарын Ілияс Жансүгіров атындағы  Жетісу университеті Басқарма төрағасы – Ректор, Басқарма төрағасы – Ректор марапаттады.

Лекция-пресс-конференция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Стресске төзімділік – психологиялық саулықтың кепілі» тақырыбында лекция-пресс-конференция өтті. Шараны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері К.Н.Ахмедиева ұйымдастырды. Лекция-пресс-конференцияға Дінтанушы, республикалық ақпарат тарату тобының  мүшесі  Мутебаев Қанат Маратұлы,  Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Динара Қыдыкенова және  «Шет тілі: екі шет тілі», «Педагогика …

Лекция-пресс-конференция Read More »

Авторлық жұмыстар көрмесі

2021 жылғы 10 желтоқсанда адам құқықтары жөніндегі қоғам авторлық жұмыстардың көрмесін ұйымдастырды. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі Жетісу университеті студенттерінің жұмыстарын ұсынды. Көрме жастардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін, сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды қалыптастыруда белсенді азаматтық ұстанымды көрсетті.

Мерекелік іс-шара

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынды техникалық факультеті мен  Ғ.Орманов атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырды.  Ондағы мақсат жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімін арттыру. Шара барысында еліміздің баға жетпес байлығы Тәуелсіздік жайлы, 30 жылда жеткен жетістіктері айтылды.

Тәуелсіздік және тарих тағылымы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік  және тарих тағылымы»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.                  Дөңгелек үстел жұмысы Басқарма мүшесі – Жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор Б.Сериевтің кіріспе сөзімен басталды. Модератор, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының  аға ғылыми қызметкері К.Аликенова іс-шараның …

Тәуелсіздік және тарих тағылымы Read More »

Студенттермен онлайн кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «SANALY URPAQ» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Таза сессия», «Адал бол», «Абыройлы ұстаз» тақырыптарында студенттермен онлайн кездесу өтті. Аталған іс-шара студенттердің қысқы емтихан сессиясын тапсыру алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Оған құқық және экономика, гуманитарлық, жаратылыстану факультетінің студенттері қатысты. Шара барысында мамандар қоғам дертімен күрес жүргізудің жолдарын түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап …

Студенттермен онлайн кездесу Read More »