Жаңалықтар
Хабарландыру!
Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар! Сіздерді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (phd) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шайзат Жанысбекованың «Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі (8-9сыныптар)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауына шақырамыз. Күні: 05.05.2025ж.Уақыты: 15.00Өтетін орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимараты, …
Құттықтаймыз!
Жаратылыстану-техникалық факультетінің Экология және ауыл шаруашылығы ғылымдары кафедрасының оқытушысы, PhD Дамира Абсатарова 2020–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары саласы бойынша Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілген 50 ғалымның қатарына еніп, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген рейтингте 28-орынды иеленді.Бұл жетістік — Дамира Амирқызының ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары деңгейін, сондай-ақ оның еңбектерінің ұлттық және халықаралық …
Құттықтаймыз!
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Оған Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Arunàz» командасы қатысып, III орын иеленді. Команда мүшелері мен жетекшісін …
Құттықтаймыз!
19-21 сәуір аралағында Бахрейн корольдігі, Манама қаласында Боччадан Халықаралық Челлендж өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Байрақты бәсекеге Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Қуаныш Асқарбеков қатысып, І орын иеленді. Қуанышты жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Ақерке Қызайбай Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. «Жасыл университет» номинациясы бойынша марапатқа ие болған Ақеркені құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ
ҒАЛЫМ – ҒЫЛЫМ – ҒҰМЫР
Физика-математика факультетінде ғылым декадасы аясында «Ғалым – Ғылым – Ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші өтті.Іс-шара барысында факультет құрылған күннен бастап, көп жылдар бойы еңбек еткен ғалымдар Қаден Бопаев, Жанарбек Бүркітбаев, Айтжамал Нұғысова, Қанабек Намазбаев, Жеңіпалды Нысамбаевтың ғылыми қызметі мен өмірінен естеліктер айтылды. Олардың ғылыми еңбектері дәріптелді. Сонымен қатар, кеште Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын …
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу
Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, университеттің оқытушылары мен ғалымдары және студенттері қатысты. Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев Жетісу өңіріне Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдағы бастамаларын түсіндіру бойынша қызметтік сапармен келгенін жеткізді. Елімізде төртінші рет өткен Ұлттық Құрылтай отырысы …
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу Read More »
Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында екі тарап құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, конференциялар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және т.б) жүзеге асыруды көздеп отыр. «Лудомания – қоғамның дерті. Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік бойынша рационалды таным, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір …
Құттықтаймыз!
20 сәуірде Алматы қаласында ALMATY HALF MARATHON 2025 халықаралық жүгіру марафоны өтті. Оған 50 мемлекеттен 12 000 спортшы қатысты. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол осы марофонға қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Жаңабек Есенболды жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ










