Халықаралық ынтымақтастық: Цюрих университетінің философия докторы Werner Bergamin Hertzog Жетісу университетінде дәріс оқуда
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру барысында Швейцарияның Цюрих университетінен келген философия докторы Werner Bergamin Hertzog 6В01509 – «География» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне (ГҚ 311 топ) «Academic writing» пәнінен дәріс және практикалық сабақтар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – білім алушылардың академиялық жазылым дағдыларын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру және оқу процесін шетелдік тәжірибемен байыту. …










