Гуманитарлық факультет

Жетісу университетінің тарихшы студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Түркияда білім алуда

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінің 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс ТҚ-311 тобының білімгерлері Алибекова Сымбат Нуралимовна, Айтбек Асем Асетқызы, Қыдыр Жансая Шеризатқызы және Мурзакенова Акбаян Багдатовна 2025–2026 оқу жылының 1-жартыжылдығында Түркия Республикасының Нийде Омер Халисдемир университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда. Білімгерлер «Тарих» мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін …

Жетісу университетінің тарихшы студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Түркияда білім алуда Read More »

Жобаның кеңесшісімен кездесу

2025 жылы 21 қазанда 2025-2027 жылдарға арналған ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасының қатысушыларының жобаның кеңесшісі, Цюрих университетінің (Швейцария) профессоры Петер Финкемен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында зерттеудің мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері жан-жақты талқыланып, жобаны жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдері мен кезеңдері нақтыланды. …

Жобаның кеңесшісімен кездесу Read More »

«Экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

2025 жылдың 14 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» (IP) 2-курс білімгерлері мен топ кураторы Д.Ғ. Қаратаева «Экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында «ашық кураторлық» сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында білімгерлермен аталған тақырып негізінде сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

«Қазақстандағы діни экстремизм және экстремистік ұйымдар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

2025 жылы 15 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Б.Т. Калиева кураторлық тобы «Тарих» ББ 4-курс білімгерлерімен «Қазақстандағы экстремистік ұйымдар және діни экстремизм» атты тақырыпта «ашық кураторлық» сағатын өткізді. Кураторлық сағат барысында білімгерлермен аталған тақырып негізінде сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ашық дәріс өтті

2025 жылдың 14 қазанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық дәріс өткізілді. Дәрісті педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Журналистер кеңесінің мүшесі, өлкетанушы, шоқантанушы, «Шыңғыс хан» халықаралық академиясының академигі Бағдат Бақтыбайұлы Ақылбеков жүргізді. Дәріс барысында Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны мен қызметі, сондай-ақ оның ғылыми жетістіктері, …

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ашық дәріс өтті Read More »

«Университет пен колледж студенттерінің ынтымақтастығы»

2025 жылғы 2 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің РЯЛняо(IP)-122 және РЯЛняо(IP)-212 топтарының студенттері —Мелисова Амина,Бердигулова Назерке,Ходжалакова Диана,Акылбекова Аянат,Бектұрғанова Алтынай,Тұрсұмбай Арай,Чукаева Карина,Сташкова Дарья жәнеАвдыминова Ясмин — университет колледжінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Ежелгі орыс әдебиетінің ескерткіштері» тақырыбында бірлескен сабақ өткізді.Университет студенттері «Игорь полкы туралы жыр» шығармасының поэтикасы жөнінде мазмұнды баяндама жасап, терең білімдерін, ғылыми көзқарасын …

«Университет пен колледж студенттерінің ынтымақтастығы» Read More »

Ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті

2025 жылдың 30 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және «Жетісу облысы Білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою іс-шарасы өтті. Іс-шараға Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент)  Б. Таубаев, …

Ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті Read More »

PhD дипломы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ докторанттары А.Тоқтанова (ғылыми кеңесшісі ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Джакыпбекова), Ш.Жанысбекова (ғылыми кеңесшісі ф.ғ.к., оқытушы-дәріскер Г.Сырлыбаева) және  А.Аманжолованы (ғылыми кеңесшісі PhD, оқытушы-дәріскер А.Абызова) Phd философия докторы ғылыми дәрежесін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Шоқан Уәлиханов — 190

Шоқан ауылында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті.  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлы баяндама жасап,  Жанғазы Жексенбаевпен жазған «Шоқаным- Отаным» әнінің тұсаукесу рәсімі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп оқушылар көрініс қойып, аудан өнерпаздары концерттік бағдармаларын көрсетті. Кеш Дүйсен Сандыбайұлының қаламынан туған Кербұлақ ауданы …

Шоқан Уәлиханов — 190 Read More »

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Көксу ауданы Еңбекшіқазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне, соның ішінде Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына келіп, кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты. Шара барысында оқушыларға университеттің оқу үдерісі, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Университет оқытушылары мен студенттері мектеп оқушыларымен еркін сұхбат …

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде Read More »

AI Assistant