Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13-18.02.2025 жылы Алматы облысы Кемертоған ауылында Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Ермахан Сағиұлы Ыбраймовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Егінбайқызы Құралайды І-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

“Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті

🎓 Қазіргі таңда табысты болудың маңызды шарттарының бірі – топта жұмыс істей білу. Бірлескен іс — әрекет арқылы ғана жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы мақсатта Дене шынықтыру және өнер факультетінде “Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті. ⚜️ Бұл іс-шара барысында студенттер бір-бірімен сенімді қарым-қатынас орнатуды, командалық рухты нығайтуды және бірлесіп тиімді …

“Топтық жұмысты дамыту және нығайту” тақырыбында психологиялық тренинг өтті Read More »

«Бумеранг» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің еріктілер тобы қолдауды қажет ететін жандарға белсенді түрде көмек көрсетті. Біз зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға жылусыз қалмас үшін отын жинап және аулаларды қардан тазарттық. Біздің игі істеріміз қоғамның әл-ауқатына қосқан үлесіміз. «Бумеранг» еріктілер тобы мұқтаж жандарға жылу мен қамқорлық сыйлауға дайын! Жақсылық әрқашан оралады – нағыз бумеранг сияқты! ♻️

Еріктілер тобы «Ұлан»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «ҰЛАН» еріктілер тобының білім алушылары бастама көтеріп Талдықорған қаласында тұратын жалғызбасты қариямыздың ауласын қардан тазартуға көмектесіп қайтты.Еріктілер тобы мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсаттарын жалғастыруда және барлығына қолдауды қажет ететін жандарға бей-жай қарамай көмек қолын созуға шақырады. Тіпті кішкентай игі істің өзі әлемді жарқын ете алады!

Семинар «Бейнелеу өнерінің дизайндағы маңызы»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор (доцент) Н. Адамқұлов «Бейнелеу өнерінің дизайндағы маңызы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

«Сыбайлас жемқорлық-теріс құбылыс»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенттері М.Жумабаева мен А.Бараков «Сыбайлас жемқорлық-теріс құбылыс» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді. Мақсаты студенттерге сыбайлас жемқорлықтың мәні мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру.Заңға бағыну, әділдік, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеу.

Семинар «Таңдалған спорт түрін кәсіби жетілдіру»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б.Сарсенбаев пен оқытушы – ассистенті А.Тохтаров «Таңдалған спорт түрін кәсіби жетілдіру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

І- орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19-23 қаңтар аралығында Алматы қаласында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары Қанатбек Гаухар мен Данагүл Талғатқызын І- орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!спортшыларымызға алдағы Иордания мемлекетінде өтетін азия чемпионатына сәттілік тілейміз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

17-19.01.2025ж Астана қаласында Жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жабық кешенде Қазақстан Республикасының кубогі өтті. 16 облыс, 3 қала 250 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушыларыБолатбекқызы Айана 800-1500м қашықтықта І-орынОмар Айбол 1500 м қашықтықта ІІ-орын, 3000м қашықтықта ІІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

AI Assistant