Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

«Жемқорлық-індет, жою-міндет»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б.Ахметов және Е.Ахметов «Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбында Дизайн білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлері арасында көрме өткізді.

Дәріскері С.Сочин “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.

2024 жылдың 3 желтоқсанында Дене шынықтыру және өнер факультетінің ФКР 211,411 топтарымен оқытушы — дәріскері С.Сочин “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.Семинар барысында емтихан сессиясы ашық және академиялық нормаларға сай өткізілуі маңызды екені айтылды.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері М.Өзенбаев және оқытушы – дәріскері Б.Сарсенбаев «Дін және Жастар»,«Қоғам дерттері: жемқорлық, лудомания, нашақорлық, діни ағымдар,Суицид әрекеттерінің алдын- алу» тақырыбында «Жетісу облысының дін істері басқармасы», «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» маман-теологы Ж.Жомартқановпен кездесу өткізді.

«Тау тұлғалы Ілияс»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б.Сарсенбаев және оқытушы-дәріскері Г.Галиеваның ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» тақырыбында Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

24-30.11.2024 жылы Жезқазған қаласында Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Сыдық Аяжанды І-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Абден сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – адалдық, ашықтық және белсенді азаматтық ұстанымның әділ болашақты құруға қалай көмектесетінін көрсету.

Семинар өзіндік оқу жұмысын жандандыру

18.11. 2024 семинар өткізілді: өзіндік оқу жұмысын жандандыру. Аға оқытушы Абдухаирова А.Т. жеке озық тапсырмалар негізінде проблемалық алгоритмдік оқыту әдістерін ұсынды. Семинар гр студенттерінің сабақ мысалында өтті. ДК-111.

AI Assistant