Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

“Таза сессия”

2024 жылдың 11 желтоқсанында Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДШҚ 411,ДШҚ 412,ДШҚ 321 топтарымен топ кураторы Е.Дузжасаров “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.Семинар мақсаты студенттерге адалдық пен әділдікке саналы көзқарасты қалыптастыру және емтихан кезінде ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

«Таза сессия»

10.12.2024ж сағат 12:00 де Дене шынықтыру және өнер факультетінің,Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-дәріскері, топ кураторы С.Онгарбаева музыкалық білім мамандығының МБҚ111,МБҚ 311топ білімгерлерімен «Таза сессия» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп жан –жақты талқылады.Мақсаты: Емтихан сессиясы білімгердің өміріндегі ең жауапты кезең. Біздің міндетіміз емтихандық сессияларды таза да адал өткізу. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның ғана емес, рухани …

«Таза сессия» Read More »

“Таза сессия”

2024 жылдың 10 желтоқсанында Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДҚ 111,211 топтарымен топ кураторы М.Жұмабаева “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.Семинар мақсаты білімгерлердің, профессор-оқытушылар құрамының, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сананы қалыптастырып және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша тәрбие сағатын өткізді.

“Таза сессия”

2024 жылдың 9 желтоқсанында Дене шынықтыру және өнер факультетінің ДШҚ 315,313,314,322,317 топтарымен топ кураторы Б.Сарсенбаев “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.Семинар мақсаты құқықтық санасын сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

«Жемқорлық-індет, жою-міндет»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б.Ахметов және Е.Ахметов «Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбында Дизайн білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлері арасында көрме өткізді.

Дәріскері С.Сочин “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.

2024 жылдың 3 желтоқсанында Дене шынықтыру және өнер факультетінің ФКР 211,411 топтарымен оқытушы — дәріскері С.Сочин “Таза сессия” акциясы барысында семинар өткізді.Семинар барысында емтихан сессиясы ашық және академиялық нормаларға сай өткізілуі маңызды екені айтылды.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері М.Өзенбаев және оқытушы – дәріскері Б.Сарсенбаев «Дін және Жастар»,«Қоғам дерттері: жемқорлық, лудомания, нашақорлық, діни ағымдар,Суицид әрекеттерінің алдын- алу» тақырыбында «Жетісу облысының дін істері басқармасы», «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» маман-теологы Ж.Жомартқановпен кездесу өткізді.

«Тау тұлғалы Ілияс»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б.Сарсенбаев және оқытушы-дәріскері Г.Галиеваның ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы Ілияс» тақырыбында Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді.

AI Assistant