Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі

Оқу практикасының қорытынды конференциясы

17.02 күні 6В02101 «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша оқу практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция барысында білім алушылар атқарылған жұмыстар бойынша есептерін ұсынып, пленэрлік жұмыстардың нәтижелерін, сондай-ақ практика аясында орындалған үгіт-насихат плакаттарын көрсетті және қалыптасқан кәсіби дағдыларының деңгейін дәлелдеді. Конференция қорытындысы бойынша оқу практикасының нәтижелері шығарылып, әрі қарайғы кәсіби дамуға қатысты нұсқаулар берілді.

Шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

2026 жылғы 12 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Шығармашылық білім беру кафедрасы Ескелді ауданы мен Талдықорған қаласының мектептері мен колледждерінің білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында қатысушыларға шығармашылық бағыттағы мамандықтар туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды: «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек, графика және жобалау», «Дизайн». Іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім алушыларға болашақ …

Шығармашылық білім беру кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы Read More »

Семинар «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін»

2026 жылғы 17 ақпанда Заң мен тәртіп қағидаты аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің спортшы студенттеріне арналған «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның ашылуында алғы сөз сөйлеген университеттің басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Сериев Болат Абдулдаұлы студент-жастар арасында …

Семинар «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшыларымызға зор қолдау білдіреді!Ел намысын қорғап жатқан барша спортшыларға сәттілік, жоғары нәтижелер мен жеңіс тілейміз!Жігерлеріңіз мұқалмасын, көк Туымыз биікте желбірей берсін!

Құттықтаймыз

2026 жылдың 08–14 ақпан аралығында Қарағанды қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қайратқызы Анель жоғары шеберлік пен табандылық танытып, І орын иеленді.Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – үлкен еңбек пен қажырлы дайындықтың нәтижесі. Алдағы жарыстарда да биік белестерді …

Құттықтаймыз Read More »

«Жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының білім мазмұнының сабақтастығы»

2026 жылғы 13 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының білім мазмұнының сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараның мақсаты – мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы білім беру мазмұнының өзара байланысын талдау, оның тиімділігін арттыру және жетілдіру жолдарын қарастыру.Дөңгелек үстел жұмысына білім беру ұйымдарының …

«Жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының білім мазмұнының сабақтастығы» Read More »

Q-print

2026 жылғы 12 қаңтардан 14 ақпанға дейін 6В02101 «Дизайн» білім беру бағдарламасының ДҚ білім алушылары өндірістік практикадан өтті.Практика барысында студенттер кәсіби дағдыларын бекітіп, теориялық білімдерін нақты жұмыс жағдайында қолданды, дизайнерлік жобалармен жұмыс істеді және дизайн саласындағы кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен танысты.

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Италия мемлекетінің Генуя қаласында джиу-джитсудан «Grand Prix 2026» халықаралық турнирі өтті.Аталған жарыста Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Кенжебай Дарын І орын иеленді. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆Спорттық жолында толағай табыстар мен жаңа биіктер тілейміз!

Шебер-сынып

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Заманауи оқытушы және жасанды интеллект: озық тәжірибе алмасу» тақырыбында шебер-сынып жоспарына сәйкес іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында факультеттің қауымдастырылған профессорының м.а. (доцент), PhD З.Е. Шагатаева «Ғылыми жұмыста қолданылатын жасанды интеллект құралдары: ғылыми мақала жазуда әдебиеттерді іздеу, деректерді талдау және дереккөздерді рәсімдеу» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар …

Шебер-сынып Read More »

«Заң мен тәртіп»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы«Заң мен тәртіп» аясында академиялық адалдық пен жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар өткізді.Мақсаты: студенттер мен оқытушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаларын насихаттау және жемқорлыққа қарсы жауапкершілікті арттыру.

AI Assistant