«Таза Қазақстан-болашаққа таза жол»
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Аннабигин «Таза Қазақстан-болашаққа таза жол» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Аннабигин «Таза Қазақстан-болашаққа таза жол» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Ұлттық киімдерімізді ұлықтай отырып, өз мәдениетімізге деген құрметімізді арттырайық!
Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша жыл қорытындысы жасалды, факультет жұмысының бағыттары бойынша кемшіліктермен жетістіктер аталып өтілді. Әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар, конкурстар, фестивальдерде көзге түскен белсенді білім алушылар және оқытушылар марапатталды.
Салт-дәстүр – тек күнделікті өміріміздің бір бөлігі ғана емес, ол біздің ұлттық сана-сезімімізді, рухани құндылықтарымызды сақтауға көмектесетін қымбат қазына. Осы қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Салт-дәстүрімізді сақтап, оны қадірлей отырып, болашақ ұрпаққа аманат етейік!
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті Е.Дузжасаров “Нашақорлық-қоғам дерті ” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Нашақорлықтың қоғамға, жеке адам өміріне және болашақ ұрпаққа тигізетін зиянын түсіндіру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы күресте азаматтық жауапкершілікті арттыру.
04-11.03.2025 жылы Астана қаласында Орынбасаров Сұлтанбекті еске алуға арналған боччадан ашық республикалық турнирде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс білім алушысы Аскарбеков Куанышты І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
26.02-03.03.2025 жылы Астана қаласында өткен кәсіпқойлар арасында Гір спортынан Қазақстан чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Бражкина Анастасияны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері, п.ғ.к. қауымдастырылған профессор (доцент) Н. Адамқұлов «Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің іскерлігі мен біліктілігін арттыру» тақырыбында оқу семинарын өткізді.
Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – ассистенті М.Заманбеков пен оқытушы – ассистенті Е.Дузжасаров «Спортта дарынды балаларды анықтау және жетілдіру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.