Жаратылыстану факультеті

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 10 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарда PhD Ч.А.Хармысовтың «Тіршілікті жаңа жарықпен зерттеу: классикалық физикадан кванттық бейнелеуге» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар 8D01502  Физика БББ докторанттарының жұмыстары талданды. Семинар барысында нақты уақыттағы микроскопиялық бейнелеу үшін ескі спектроскопиялық құралды пайдалану жолдары талқыланды және өмір туралы ғылымдар мен медицинадағы бұрыннан келе жатқан мәселелердің …

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР Read More »

«Тәуелсіздік ұрпақтары»

2024 жылдың 09 желтоқсанында Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының ұйымдастыруымен физика-математика факультетінің білімгерлері арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты өлең оқу байқауы өтті. Іс-шара мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі құндылықтарын насихаттау, жастардың патриоттық рухын көтеру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәуелсіз еліміздің болашағын жарқын ететін жас буынның белсенділігін арттыру. Байқауға факультетіміздің белсенді білімгерлері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. …

«Тәуелсіздік ұрпақтары» Read More »

«Таза сессия»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу унивеситетінің физика-математика факультетеінің қысқы емтихан сессиясы қарсаңында академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қыдырбаева Г.Т., тіркеу офисінің директоры Жанатбекова Н.Ж., физика-математика факультетінің деканы Есенғабылов И.Ж. және комплаэенс -офицер Қабыкенов Б.Ж. бірлесіп «Таза сессия » атты кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты-студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын, Қазақстан …

«Таза сессия» Read More »

«Тәуелсіздік тұғырым!»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова,  5-ші желтоқсан  2024 жылы,  1 курс білімгерлері, ИҚ111, МИҚ111, ИР111 топтарымен «Тәуелсіздік тұғырым!» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Онда «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» жөнінде видеоролик көрсетілді. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік сияқты ұлттық …

«Тәуелсіздік тұғырым!» Read More »

«Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан»

04.12.2024 ж. Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының меңгерушісі Забиева К. К. МИқ, Мр 311 топ білімгерлерімен «Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын студенттер көңіліне ұялату, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Құттықтаймыз!

2024 жыл 29-қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 8D01501-Математика мамандығының докторанты Койшыбекова Айжан Құмарбекқызы «Жоғары оқу орындарында  математикалық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын  ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік  негіздері» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғап, Философия докторы (PhD)  дәрежесін алды. Құттықтаймыз! Ғылыми жетекші: п.ғ.д., профессор Сеитова  Сабыркуль Макашевна

Онлайн форматта дәріс

11.11-30.11.2024 ж. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия докторы(PhD), Адилжанова Салтанат Альмуханбетовна  «Инновационные методы защиты цифровой информации» пәні бойынша 6В06102–Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының бакалавры студенттеріне дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Ақпараттық технологияларды жүргізу бойынша теориялық және практикалық білім …

Онлайн форматта дәріс Read More »

Онлайн форматта дәріс

11.11-23.11.2024 Ж. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларының сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Чехия техникалық университетің доктор (PhD), Milos Ulman «Computer-aided design systems» пәні бойынша 6В06102–Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының бакалавры студенттеріне дәріс оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу, мәліметтер базасымен жұмыс жасау бойынша теориялық және …

Онлайн форматта дәріс Read More »

«Қызға қырық үйден тыйым»

«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деген ұғымды түсінген қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, оған үлкен көңіл бөлген. Олар «Қыз мінезді болсын, ұл өнерлі болсын» деп әрдайым айтып отырған. 2024 жылдың 29 қарашасында Ардагерлер ұйымының мүшелері қонаққа шақырылып, физика-математика факультетінің 1 курс студенттеріне «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Кешті ФҚ-211 …

«Қызға қырық үйден тыйым» Read More »

AI Assistant