Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Наталья Борсенко атындағы арнайы грант иегері анықталды! Көктем мезгілінде ҚР Құрметті журналисі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, облыстық «Жетісу» телеарнасының негізін қалаушы Наталья Борсенконы еске алу кеші өткен. Сол кеште марқұмның ұлы Максим Ноженко жетісулық талантты жасқа І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде журналистика мамандығында оқу үшін анасының атындағы арнайы білім грантын ұсынатынын айтып, сертификат табыстаған болатын. Бүгін …

Құттықтаймыз! Read More »

«Қазақстандағы діни экстремизм және экстремистік ұйымдар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті

2025 жылы 15 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Б.Т. Калиева кураторлық тобы «Тарих» ББ 4-курс білімгерлерімен «Қазақстандағы экстремистік ұйымдар және діни экстремизм» атты тақырыпта «ашық кураторлық» сағатын өткізді. Кураторлық сағат барысында білімгерлермен аталған тақырып негізінде сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

Turgambekova Zhansaya

Turgambekova Zhansaya Academic degree: Doctor of Philosophy (PhD) Position: Lecturer 8(7282) 22-21-23 Zhansayaturgambekova@gmail.com Education 2009-2013. Bachelor’s degree, Zhetysu State University named after I.Zhansugurov, Bachelor of Economics and Business, majoring in «5B051000 — State and Local governance» (No. 0059340) 2017-2018. Master’s degree, Zhetysu State University named after I.Zhansugurov, Master of Economics and Business, specialising in «6M051000 …

Turgambekova Zhansaya Read More »

«Қазақтың тұңғыш ғалымы» ашық дәріс

Бүгін Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттың ұлы перзенті, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық дәріс өтті. Шарада Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Серив кіріспе сөз сөйлеп, этнограф-ғалымның ағартушылық көзқарасы мен ұлт болашағы жолындағы еңбегіне қысқаша тоқталды. Ашық дәрісте халықаралық …

«Қазақтың тұңғыш ғалымы» ашық дәріс Read More »

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар! Сіздерді 2025 жылғы 17 қазанда сағат 16:00-де Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін семинарға қатысуға шақырамыз. Семинарда қарастырылатын тақырыптар:1. «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің хабаршысына» мақала ұсыну (OJS онлайн мақала беру жүйесі);2. Халықаралық ғылыми деректер базалары және іздеу жүйелері (Scopus, Web of Science). Ақпаратты іздеу принциптері. Өтетін орны: …

ХАБАРЛАНДЫРУ Read More »

Кітапханаға экскурсия

Ғ.Орманов атындағы кітапханада бірінші курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы өтті. Экскурсия барысында білімгерлер кітапхана құрылымымен, оқу залдарымен, кітап қорымен және электрондық ресурстармен танысты. Сонымен қатар, кітапхана қызметін пайдалану ережелері мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты білімгерлердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағыт беру. Барша студенттерді кітапхана қызметін белсенді пайдалануға шақырамыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Сенбілік

Жетісу университеті қала әкімшілігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке университет ұжымы мен Жансүгіров колледжінің қызметкерлері және студенттері белсенді қатысып, белгіленген аймақты қоқыстардан тазартты. Табиғатты аялау оның байлығын сақтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жастарды тазалыққа баулумен қатар еңбекке тәрбиелейді. Қаланың тазалығына, көреюіне өзіндік үлес қосқан білім ордасының …

Сенбілік Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 7-8 қазан күндері Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас ерекшеліктері арасында ҚР чемпионаты өтті. Оған 14 облыс және 3 қаладан 300-ге жуық спортшылар қатысты. Дүбірлі додада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Жаңабек Есенбол, Омар Айбол, Нұрмәмет Ақбаян, Болатбекқызы Айана, Құдайберген Сания, Күнболатқызы Жансая бақ сынап, жүлделі …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

Волонтерлар форумы

Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың жол картасы аясында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мақсатында жыл сайын республикалық волонтерлар форумы өтеді. Осыған орай «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы Жетісу облысында өңірлік форум және тренинг ұйымдастырды. Аталған шараға Жетісу университетінің командасы қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Команда жетекшісі экология және ауылшаруашылық ғылымдар …

Волонтерлар форумы Read More »

ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!»

Сіздерді ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!» хакатонына қатысуға шақырамыз! Мұнда өзіңізді түрлі мамандық иесі ретінде сынап көресіз! Тәжірибелі мамандар мен жұмыс берушілер сіздің қабілетіңізді ашуға көмектесіп, болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы айтып береді. Бағдарламада интерактивті тапсырмалар, командалық сайыстар, AR/VR технологияларын пайдалану, шеберлік сабақтары, кейстер және университет бойынша экскурсия ұйымдастырылады. Армандаған …

ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!» Read More »

AI Assistant