ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 7-8 қазан күндері Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық кросстан барлық жас ерекшеліктері арасында ҚР чемпионаты өтті.

Оған 14 облыс және 3 қаладан 300-ге жуық спортшылар қатысты.

Дүбірлі додада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Жаңабек Есенбол, Омар Айбол, Нұрмәмет Ақбаян, Болатбекқызы Айана, Құдайберген Сания, Күнболатқызы Жансая бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

Жеңіл атлетші студенттерді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant