Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

24 – 25 сәуір күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIІ республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Оған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану – техникалық факультетінің 3-курс студенттері Снежана Баннова мен Руслан Репишев қатысып III орын иеленді. Жетекшісі: Экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасының оқытушы-дәріскері, …

Құттықтаймыз! Read More »

Ректор кубогы футбол

Жетісу университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын студенттер арасындағы футболдан Ректор Кубогы өтті. Бұл жарыс жастардың салауатты өмір салтын ұстануға, командалық рухты нығайтуға және спорттық шеберліктерін арттыруға бағытталған. Жарысқа университеттің 5 факультеті және Жансүгіров колледжінің командалары қатысып, екі күн бойы тартысты ойын өткізді. Жарыс нәтижесі бойынша: І орынды Жансүгіров колледжі командасы ІІ орынды Педагогика және психология факультетінің …

Ректор кубогы футбол Read More »

Worldskills 2025: жаңа серпін-жаңа белес!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansuguroy College» 2020 жылдан бастап WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының құзыреттілік орталығы. Чемпионаттың негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білім, дағды, қабілеттерді дамыту болса, негізгі құндылықтары: көпқырлылық, әділеттілік, инновациялар, адалдық, серіктестік және ашықтық. Колледжде Чемпионат екі бағыт бойынша өткізіледі. Олар: «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Кіші сыныптарда оқыту». Кіші сыныптарда …

Worldskills 2025: жаңа серпін-жаңа белес! Read More »

Құттықтаймыз!

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты IV Республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша өткен білім сайысына университетіміздің Гуманитарлық факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ студенттерінен құралған «Алау» тобы қатысты. Республикалық педагогикалық олимпиадада жүлделі II орынды жеңіп …

Құттықтаймыз! Read More »

«Psycho Express Abai» психологиялық экспресс-консультация форматындағы шара

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР «Қауіпсіз орта» үйлестіру кеңесінің жобасы аясында «Psycho Express Abai» атты психологиялық экспресс-консультация форматында іс-шара өтті. Аталмыш шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің психологы Гүлнар Исламжанова қатысты. Шара барысында университет студенттеріне арт-терапия, психоанализ, когнитивті-мінез-құлық терапиясы, гештальт-терапия, метафоралық ассоциативті карталар, интегративті би-қозғалыс терапиясы, рилив-терапия, нейрографика және профайлинг бағыттары бойынша экспресс-консультациялар жүргізілді. …

«Psycho Express Abai» психологиялық экспресс-консультация форматындағы шара Read More »

Хабарландыру!

Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар! Сіздерді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (phd) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шайзат Жанысбекованың «Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі (8-9сыныптар)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының алдын ала қорғауына шақырамыз. Күні: 05.05.2025ж.Уақыты: 15.00Өтетін орны: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимараты, …

Хабарландыру! Read More »

Құттықтаймыз!

Жаратылыстану-техникалық факультетінің Экология және ауыл шаруашылығы ғылымдары кафедрасының оқытушысы, PhD Дамира Абсатарова 2020–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары саласы бойынша Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілген 50 ғалымның қатарына еніп, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген рейтингте 28-орынды иеленді.Бұл жетістік — Дамира Амирқызының ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары деңгейін, сондай-ақ оның еңбектерінің ұлттық және халықаралық …

Құттықтаймыз! Read More »

Құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Оған Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Arunàz» командасы қатысып, III орын иеленді. Команда мүшелері мен жетекшісін …

Құттықтаймыз! Read More »

AI Assistant