«Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» мерекелік шарасы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Ұстаз – ұлағатты ұлы есім» атты Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында сөз алған Басқарма төрағасы – Ректор, м.у.а., Бауржан Таубаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мұғалім мамандығының маңыздылығын және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегін атап өтті. «Ұстаз – тек білім беруші емес, ұлттың болашағын …










