«Жасанды интеллект» апталығы
Жасанды интеллект саласындағы ғылым мен технологияны дамыту және елімізді жаһандық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект» апталығы басталды. Апталықтың ресми ашылуында Физика-математика факультеті «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» іс-шарасын ұйымдастырды. Одан кейін «Білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Оған білім ордасының профессор-оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты. Семинар барысында информатика және …










