Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу
«Jetisy jastary» мекемесінің ұйымдастыруымен Жетісу университетінің студенттері «Кибер волонтер» жобасы аясында Жетісу облыстық Полиция департаменті қызметкерлерімен кездесті. Мақсаты- жастардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, киберқылмыстың алдын-алу шараларын насихаттау, киберқауіпсіздік бойынша сауаттылықты арттыру. Кездесуге Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Серік Демейов, Облыс прокуратурасының 1-Басқармасының басшысы Әлішер Бараев, Облыс прокурорының аға көмекшісі Төлеуғали …










