«TIL DARYN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
2025 жылғы 17 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында облыстық «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтті. «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – филология бағытындағы шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; өңіріміздегі филолог ғалымдардың ғылыми еңбектерін …










