



































1000 адам ұлттық киіммен келді. Жетісу университетінде наурыз тойланды.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы наурыз мерекесін атап өтті.
Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев жыл басы – Наурыз мейрамымен құттықтап, Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың маңыздылығын атап өтті.
«Ежелден халқымыз әз Наурыз мерекесін ерекше тойлаған. Наурызнама аясында университет ұжымы көптеген игі шаралар ұйымдастырды. Университет ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру, тазалау жұмыстарын жүргізді. Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты. Жетісу университетінің ғылым және жоғары білім саласында жетістіктері әрқайссыңыздың қажырлы еңбектеріңіздің арқасы»,- деп ұжымға алғыс білдірді.
Мерекелік шарада университеттің барлық факультеті мен құрылымдық бөлімдері ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын қойылымдар қойды.
Халқымыздың ұлттық киім үлгілері дәріптеліп, ғасырлар бойы қалыптасқан спорттық ойындар мен сан түрлі тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Университет алаңына тігілген ақшаңқан киіз үйлер мереке ажарын айшықтай түсті.
Дәстүрімізді дәріптеп, ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын шара білім ордасының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Мерекелік шараның дресс коды «Ұлттық киім үлгісі» болды. Оған мың адам ұлттық киіммен келді.
#SDG #ЦУР #ТДМ


