Құқық және экономика факультеті

Дөңгелек үстел

2021 жылдың 14 мамыр күні «Құқықтану» мамандығының 4-курс білімгерлері және курс кураторы Конысбекова М.Р., сондай-ақ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Г.А. Жакуповамен бірге «Рухани жаңғыру: жарқын болашаққа қадам» атты тақырыпта «Google meet» платформасы арқылы кураторлық тәрбие сағатты дөңгелек үстел нысанында өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – рухани жаңғыруды насихаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, …

Дөңгелек үстел Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Нұрбек Д.Т. «Алтты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» атты жоба аясында өткізілген «Қашықтықтан оқыту заман талабы» атты республикалық конференциясына қатысып, жеңімпаз болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Өткізілген конференция «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен ұйымдастырылды.

«Қазақстандағы 100 жана есім»

2021 жылдың 15 сәуір күні құқық және экономика факультетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮҚ-113 және ЮҚ-112 топ студенттері тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Қазақстандағы 100 жана есім» атты тақырыпта онлайн-кураторлық сағат өткізілді. Іс шараны қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Д. Баженова ұйымдастыруымен өтті. Ашық кураторлық сабаққа құқық және экономика факультетінің профессорлық – оқытушылық құрамы құрметті қонақ ретінде …

«Қазақстандағы 100 жана есім» Read More »

Онлайн кездесу

23 сәуір күні 2021 жылы Құқық және экономика факультеті, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Д. Баженова «Рухани жаңғыру» бағдарламасынының 4-жылдығына орай, Googlemeet платформасы арқылы 1-курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы өз ойларымен бөлісіп болашақ жүезге асыратын жобаларды айтып кетті.  Іс-шара мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жыл ішінде жүзеге асырылған жобалар мен қолға алынған шараларын қарастыру …

Онлайн кездесу Read More »

Құттықтаймыз!

2021 жылдың 6 сәуірінде  құқық және экономика факультеті экономики және сервис кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Гульнара Булатовна Тулешованың 55 жасқа толуына арналған мерейтойы атап өтілді. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ. Баймырзаев жылы лебізін білдіріп, «Ілиястануға қосқан үлесі үшін»  атты медалімен марапаттады. Құттықтаймыз!

» Айдын үздік қызметкері» байқауы

«Айдын үздік қызметкері» атты оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері арасында өткен байқауда , «Айдын үздік қызметкері» атауына лайық деп мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.а. тарих ғылымдарының кандидаты Тинистанова Салтанат Сайдахметовна танылды Университет тарапынан диплом және қаржылай сыйлық табыс етілді. Құттықтаймыз!