ПАЙДАЛАНУ ЖҰМЫСТАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІ
Пайдалану жұмыстары департаментінің мақсаты – күзгі-қысқы жылыту маусымы жағдайында университет объектілерінің жұмыс істеуін дайындау және бақылау; студенттер мен қызметкерлердің жатақханаларында тұру жағдайларын ұйымдастыру және бақылау; университет бөлімшелерінде қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; университет ғимараттары мен құрылыстарын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарларын әзірлеу және іске асыру; ағымдағы жөндеу, тазарту, профилактикалық, санитариялық жұмыстарды қамтамасыз ету.
міндеттер
- Университет оқу ғимараттарына жыл сайынғы жоспарлы жөндеуді сапалы жүргізу сметаларын жасау үшін қабылданған өтінімдер бойынша ақаулы актілерді жасау;
- Ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;
- Жаңа оқу ғимараттары мен құрылыстарын салуды және пайдалануға қабылдауды бақылау;
- Шаруашылық жабдықтармен, кеңсе тауарларымен жиһазбен жабдықтау;
- Университет автокөліктерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Шаруашылық қызмет көрсету мәселелері бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, бақылау;
- Материалдық, қаржылық және жылу-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану;
- Оқу ғимараттарында және университеттің іргелес аумағында санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;
- Университеттің оқу ғимараттары мен жатақханаларын электр энергиясымен және сапалы телефон байланысымен үздіксіз жабдықтау;
- Оқу корпустарында және университеттің іргелес аумағында санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.
ҚЫЗМЕТТЕРІ
- Университеттің бөлімшелері орналасқан ғимараттар мен үй-жайларды өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес қызмет көрсету және тиісті жай-күйін қамтамасыз ету;
- Жабдықтардың (жарықтандыру, жылыту жүйелері, желдету және т. б.) жарамдылығын бақылау;
- Ғимараттардың, үй-жайлардың және жабдықтардың сақталуын және техникалық жай-күйін бақылау мақсатында оларды түгендеуге қатысу;
- Негізгі қорларды (ғимараттарды, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау жүйелерін және басқа да құрылыстарды) ағымдағы және күрделі жөндеуді жоспарлау, шаруашылық шығыстар сметасын жасау;
- Үй-жайларды, аудиторияларды, зертханаларды, спорт ғимараттарын жөндеу, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылау;
- Жөндеу және құрылыс жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарын және басқа да материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және пайдалану.
Біздің қызметкерлер
Каймулдинов Санат Абдикаримович
Пайдалану жұмыстары департаментінің директоры
+7 (728) 222 06-86 ;
Қос.ішкі. (1102)
Абишев Ербосын Толегенович
Ғимаратқа қызмет көрсету және аумақты абаттандыру бөлімінің басшысы
+7 (728) 222 08-67 ;
Қос.ішкі (1167)
Махамбетов Аят Даукенович
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі маман
Қос.ішкі (1197)
Джаманаева Гульшат Амангельдиновна
№ 1 оқу ғимаратының меңгерушісі
+7 (728) 222-18-74;
Қос.ішкі (1128)