IT орталық

Студенттердің ақпараттық технологиялар, эксперименттік зерттеулер, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру, веб-сайттарды құру, сандық технологиялар саласында IT-жобаларды дайындау дағдыларын дамыту. Дарынды мектеп оқушылары мен білімгерлер үшін жазғы және қысқы IT-зертханалар мен IT-жобаларды ұйымдастыру.

  • Міндеттері
  • Функциялары
  • Жетістіктері
  • Қызметкерлер
міндеттері
  • IT-технологиялар саласындағы озық тәжірибені зерттеу;
  • Білікті ІТ мамандарын дайындау мақсатында университет студенттерін ақпараттық жүйелер мен ІТ жобаларды әзірлеуге тарту;
  • Университеттің оқу процесіне және бизнес-процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
  • Робототехника бағыты бойынша IT-жобаларды әзірлеу;
  • Мобильді қосымшаларды құру және әзірлеу.
Функциялары
  • Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша университет бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
  • IT - технологиялар саласында мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу.
Жетістіктері

2019 жылы "Jetisý - Startup" инновациялық идеялар мен стартап жобалар конкурсында 6В01503 – Физика мамандығының 1 курс студенттері Богдан Али Серикович пен Бейімбетова Медина Біржанқызы Сағадинова Айдана Нұрланқызы мен Кулынтаева Асель Ержанқызының жетекшілігімен "Smart-дрон" жобасымен  3-орын алды.

Тамыз айында Жаратылыстану факультетінің 2 командасы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында әрқайсысы 1 000 000 теңге көлемінде грант жеңімпаздары атанды.

«Физика» мамандығы бойынша 2-курс студенттері, «IT club» студенттік клубтың мүшелері Беимбетова Медина, Ерентаева Алина, Айтан Динар мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған «SMART ROBO» жобасын әзірледі, жетекшісі: Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы.

«Математика» мамандығының 2-курс докторанты Есейқызы Айым мен математика және информатика кафедрасының оқытушы Танабаева Әдемі Мергенбайқызы жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «ITEd» жобасын әзірледі.

 

Облыстық "МЕНІҢ БАСТАМАМ" үздік СТАРТАП жобалар байқауында "Үздік жоба" номинациясы бойынша Богдан Али Серикович жеңіске жетті.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Ахметов Жалгас Ундрусулы

Директор

+7 (702) 841-87-44 ;
Ішкі (2204)
ahmetovzhalgas@mail.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кулынтаева Асель Ержановна

Программист

+7 (708) 595-34-51;
Ішкі (2204)
aselia.97.06@mail.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ