IT орталық
Студенттердің ақпараттық технологиялар, эксперименттік зерттеулер, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру, веб-сайттарды құру, сандық технологиялар саласында IT-жобаларды дайындау дағдыларын дамыту. Дарынды мектеп оқушылары мен білімгерлер үшін жазғы және қысқы IT-зертханалар мен IT-жобаларды ұйымдастыру.
- IT-технологиялар саласындағы озық тәжірибені зерттеу;
- Білікті ІТ мамандарын дайындау мақсатында университет студенттерін ақпараттық жүйелер мен ІТ жобаларды әзірлеуге тарту;
- Университеттің оқу процесіне және бизнес-процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
- Робототехника бағыты бойынша IT-жобаларды әзірлеу;
- Мобильді қосымшаларды құру және әзірлеу.
- Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша университет бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- Ақпараттық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
- IT - технологиялар саласында мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/медина.jpg)
2019 жылы "Jetisý - Startup" инновациялық идеялар мен стартап жобалар конкурсында 6В01503 – Физика мамандығының 1 курс студенттері Богдан Али Серикович пен Бейімбетова Медина Біржанқызы Сағадинова Айдана Нұрланқызы мен Кулынтаева Асель Ержанқызының жетекшілігімен "Smart-дрон" жобасымен 3-орын алды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/200829151535585e.jpg)
Тамыз айында Жаратылыстану факультетінің 2 командасы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында әрқайсысы 1 000 000 теңге көлемінде грант жеңімпаздары атанды.
«Физика» мамандығы бойынша 2-курс студенттері, «IT club» студенттік клубтың мүшелері Беимбетова Медина, Ерентаева Алина, Айтан Динар мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған «SMART ROBO» жобасын әзірледі, жетекшісі: Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы.
«Математика» мамандығының 2-курс докторанты Есейқызы Айым мен математика және информатика кафедрасының оқытушы Танабаева Әдемі Мергенбайқызы жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған «ITEd» жобасын әзірледі.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2021/02/WhatsApp-Image-2021-02-08-at-14.33.10.jpeg)
Облыстық "МЕНІҢ БАСТАМАМ" үздік СТАРТАП жобалар байқауында "Үздік жоба" номинациясы бойынша Богдан Али Серикович жеңіске жетті.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/02/IMG_20220218_170853-1.jpg)
"Jas Galym"жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс. Жоба жетекшісі: Ахметов Ж. У.
Орындаушылар: Кабдуалиев Д. К., Кулынтаева А. Е.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/02/IMG_20220218_170909-1.jpg)
"Jas Galym"жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс. Жоба жетекшісі: Ахметов Ж. У.
Орындаушылар: Кабдуалиев Д. К., Кулынтаева А. Е., Еренгайыпов С. Т., Гаврилова Е. Н.