Дене шынықтыру және өнер факультеті оқытушы-ассистенті Е. К. Дузжасаров медицина қызметкерімен бірлесіп «Нашақорлық – өмірді улаушы індет» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет берілді. Кездесудің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.

