ДОКТОРАНТУРА

Мерзімі

Докторантура

3 шілде 3 тамыз аралығында

1-18 қараша аралығында

Докторантураға түсуші үміткерлердің өтініштерін қабылдау мерзімі

4-20 тамыз аралығында

19 қараша – 11 желтоқсан аралығында

Докторантураға түсу емтиханын тапсыру мерзімі

15-28 тамыз аралығында

26 желтоқсан 10 қаңтар аралығында

 Магистратураға және докторантураға қабылдау келесі мерзімі

ДОКТОРАНТ КҮНТІЗБЕСІ

1.Өтініш қабылдау күнтізбелік жылғы шілденің 3 және тамыздың 3  аралығында өткізіледі.

Докторантураға «магистр» дәрежесі бар және еңбек өтімі 9 (тоғыз) ай кем емес адамдар қабылданады.

Докторантураға түсуші адамдар ЖОО-на мына құжаттарды тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

      2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      4) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

      5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.5;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 46;

      Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг) (TOEFL PBT) (ТОЙФЛ ПЙБИТИ), шекті балл кемінде – 453;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл – кемінде 460;

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В2 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В2) (DSH, Niveau В2) (ДЙСИЭИЧ, ниво В2) – В2 деңгейі;

      TestDaF-Prufung Niveau В2 (тестдаф-прюфун ниво В2) (TDF Niveau В2) (ТЙДИЭФ, ниво В2) – В2 деңгейі;

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейі;

      Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ), шекті балл кемінде – 50;

      6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

      7) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      8) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

      9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

      4), 5) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

 

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді.

Докторантураның білім беру бағдарламалары топтары бойынша мақсатты оқыту шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша  білім алуға өтініш білдірген адамдардан өтініштер қабылдау ЖОО –да жүргізіледі.

  1. Қабылдау емтиханы күнтізбелік жылғы тамыздың 4 және 20 аралығында өткізіледі.

Білім беру саласы бойынша «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламалары топтарына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар кадрларды даярлау бағыттарына түсетін адамдар»,  «Бизнес және басқару» сәйкес баллдары бар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) стандартталған тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты болған кезде докторантураға түсу емтихандарынан босатылады.

3. Оқуға қабылдау күнтізбелік жылғы тамыздың 28-не дейін өткізіледі.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ (Докторантура)

  1. Қабылдау жөнінде өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады)
  2. Жоғары білім туралы диплом (түпнұсқа) және 3 қосымша (түпнұсқа)
  3. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі және 3 қосымшаның көшірмесі
  4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом (түпнұсқа) және 3 қосымша (түпнұсқа)
  5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның көшірмесі және 3 қосымшаның көшірмесі
  6. ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (ҚАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
  7. Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат IELTS, TOEFL (түпнұсқа)
  8. Докторантураға түсу емтиханының нәтижесі
  9. Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын жеке парақ немесе еңбек кітапшасының көшірмесі
  10. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың тізімі, зерттеу және эссе жүргізу жоспары
  11. 3х4 көлемдегі 6 сурет
  12. Жеке куәлік көшірмесі 2 дана
  13. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама
  14. Тіркеу куәлігінің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі(ерлер үшін)
  15. Төлем ақы квитанциясының көшірмесі (ақылы негізінде оқуға түскен жағдайда)
  16. Скоросшиватель;
  17. 1 конверт;
  18. 10 файлов.