Түлектерді жұмысқа орналастыру шаралары

Жұмысқа орналастыру көрсеткіші қазіргі уақытта еліміздің жоғары білім беру жүйесінде аса маңызды нысаналы көрсеткіштердің бірі. Жетісу университеті Жетісу университеті түлектерді жұмыспен қамту міндетін кешенді жоспар негізінде жүзеге асырады. Бекітілген жоспарға сай оқу жылында бірнеше іс -шаралар өткізіледі. Одан бөлек көрсеткіштерді жоғарылату мақсатында Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы жұмыс берушілермен ынтымақтастық негізінде бірлесе отырып әрекет етеді. Ұйымдастырылатын жиындар бүгінгі күнде түлектердің ресми мәлімет алуына және мамандыққа сай жұмысқа орналасуына ықпал етіп отыр.

2025
Ақпан
"Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі"

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен жастарды мемлекеттік қызметке тарту және кәсіптік бағдар беру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесу

2024
Желтоқсан
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Р.Т.Емелбаев Жетісу университетінде

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тохтарбекович және Профориентолог, IT жобалаушы, аналитик, педагог Айдос Жұманазар Жетісу университетінде болып ата-аналармен кездесу жүргізіп, сұрақтарға жауап берді

2024
Қараша
"Жас маман - 2025"

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Жас маман – 2025»  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға 45-тен астам жұмыс беруші ұйымдар, кәсіпорындар өкілдері қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік және жеке меншік мекемелер, балабақша, мектеп, колледждердің басшылары, сондай-ақ өңірдің банк ұйымдары, Жетісу облысының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері, мемлекеттік мекемелер,  т.б. кәсіпорындардың басшылары шақырылды.

 
2024
Қараша
"Ашық есік күні"

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 13-14 қараша күндері Талдықорған қаласының жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған «Ашық есік» күні өтті. Шараға 400-ден астам оқушы қатысты. 

2024
Шілде
Жетісу облысы бойынша ұйымдар, мекемелерден келген бос жұмыс орындарына студентерді дербес бөлу жұмыстары жүргізілді

10-14 маусым аралығында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырмасы негізінде Бакалавриат, Магистратура, Докторантура бітіруші түлектерін онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жұмысқа дербес бөлу іс-шарасы өткізілді. Жетісу облысы бойынша ұйымдар, мекемелерден келген бос жұмыс орындарына студенттерді дербес бөлу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік білім беру тапсырысында - 318, оның ішінде ауылдық квота шегінде - 46 бітіруші түлекті жұмысқа орналастыру.  

 
2024
Мамыр
Ақтау, Жаңаөзен, Атырау қалаларында Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім көрмесі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Маңғыстау, Атырау облыстарына бөлінген нысаналы білім беру гранттары бойынша Қазақстандық Жоғары білім көрмесіне қатысты. 13-17 мамыр аралығында жүргізілген Қазақстандық Жоғары білім көрмесіне Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бауржан Таубаев және университет қызметкерлері қатысып келді.   

Аталған жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау және Атырау облыстарында өтті. Оған еліміздің 40-тан астам жетекші Жоғары оқу орны қатысты. Шара мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлеріне арнайы бөлінген нысаналы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. 

2024
Сәуір
Жалпы білім беру ұйымдарын аяқтаушы түлектерге арналған "Ашық есік күні"

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық ғылымдар, Құқық және экономика, Педагогика және психология жоғары мектебінде Жетісу облысы бойынша жалпы білім беру ұйымдарын аяқтаушы түлектерге «Ашық есік күні» өткізілді. 400-ге жуық болашақ жас білімгер келді. Талдықорған және қалаға жақын аудан мектептері мен «Innoverse Academy» жеке меншік мектебінің оқушылары қатысты.

2023
Қараша
"Жас маман - 2024" атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жас маман – 2024» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Университеттің 6 жоғары мектебінен оқуды аяқтаушы 876 білімгер қамтылды. Кездесуде болашақ жас мамандар әртүрлі сала өкілдерінен маңызды ақпарат алып, сұхбаттасты. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасудың ерекшеліктері мен негізгі қағидалары жайлы дерек алды. Болашақ жас мамандар жайлы деректерді, олардың түйіндемелерін университет ресурстары арқылы алуға болатыны да айтылды. 

2023
Мамыр
Мектеп бітіруші түлектеріне арналған "Ашық есік күні"

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ашық есік күні» өтті. Шараға «Mega mind» мектебінің оқушылары мен «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Жиында болашақ білімгерлерге жоғарғы оқу орны таныстырылды.

2023
Мамыр
"Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында өткізілген бұл іс-шараға «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы», Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Әділет, Төтенше жағдайлар, Полиция департаменттері, Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Қазақтелеком» АҚ, Жетісу телеарнасы өкілдері келді.

2023
Мамыр
Маңғыстау-Атырау көрмесі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Атырау, Маңғыстау облыстарына нысаналы білім беру гранттары бойынша жоғары білім көрмесіне қатысты. Аталған жиын Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 21-24 сәуір аралығында Атырау және Маңғыстау облыстарында өтті. Оған еліміздің 42 жоғарғы оқу орны қатысты. Шара мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлеріне арнайы бөлінген нысаналы білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

2023
Ақпан
Жұмыс өтемі бойынша түлектермен кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ағымдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтайтын бакалавриат, магистратура және докторантураның 260 түлегімен жиын өткізді. Шараға университеттің жоғары мектептері мен мансап және жұмысқа орналастыру орталығының мамандары қатысты.

2023
Қаңтар
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары елді-мекендермен қатар Талдықорған қаласының мектеп түлектері үшін де өткізілуде. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 31 қаңтарда Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Шараға 9 сыныптың 116 оқушысы және ағымдағы жылы мектепті аяқтайтын 61 түлек қатысты. 

2022
Қараша
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2022 жылы 29 қараша күні "Жас маман-2023" атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға мемлекеттік мекемелер, жекеменшік ұйымдар, өндіріс нысандары, кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Ұйымдастырудағы басты мақсат- жұмысқа орналастыру мақсатын жүзеге асыру. Жәрмеңкеге 988 түлек қатысы.

2022
Қазан
Бітіруші түлектермен кездесу

Университет басшылығы оқуды аяқтаушы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында тұрақты негізде білімгерлермен сұхбаттасу өткізеді. Кездесу барысында жұмыс орнын таңдау, мамандыққа сәйкес қызметке орналасу,  болашақ жас мамандардың кәсіби қалыптасуы сынды маңызды тақырыптар талқыланады. 

2022
Қараша
Міндетті жұмыс өтемі бойынша түсіндіру жұмысы

2022 жылғы 18 қарашада "Қаржы орталығы" АҚ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуды аяқтайтын түлектерге міндетті үш жылдық жұмыс өтеміне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге барлығы 718 білімгер қатысты.

2022
Желтоқсан
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын бітіруші түлектердің міндетті жұмыс өтемі бойынша кездесу

2022 жылғы 6 желтоқсанда Жетісу облысы білім басқармасының өкілімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқитын түлектердің жұмыс өтемі және жұмысқа орналасу ерекшеліктері тақырыбында сұхбаттасуы өтті. Жиынға 300-ге жуық білімгер қатысты. 

«Жас маман-2023» Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары

«Мамандығым-табысты өмірдің кілті» ашық есік күні

«BILIMDI TL-2022» II Халықаралық көрмесі

Ақтау-Атырау қаласында өткен кәсіптік бағдар беру жұмыстары

«Жас маман-2023» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Университет бойынша экскурсия

Мектеп оқушыларымен кездесу