МАГИСТРАТУРА
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНА ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕ —https://app.testcenter.kz/auth
Магистратура | |
1 маусым — 8 шілде аралығында 28 қазан — 10 қараша аралығында | Кешенді тестілеуді (КТ) тапсыру үшін өтініштер қабылдау http://www.testcenter.kz/ |
20 шілдеден 10 тамыз аралығында 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейін | Кешенді тестілеу |
15-28 тамыз аралығында 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін | Магистратураға қабылдау |
МАГИСТРАНТ КҮНТІЗБЕСІ
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден босатылатын жағдайлар
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тестілеуден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тестілеуден тұратын КТ тапсырады.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Қағидаларға 2 -қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.
І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖУ-ҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ (Магистратура):
- Қабылдау жөнінде өтініш (қабылдау комиссиясында толтырылады
- Жоғары білім туралы диплом (түпнұсқа) және 3 қосымша (түпнұсқа)
- Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі және 3 қосымшаның көшірмесі
- КТ сертификаты
- ҚР МББ гранты туралы куәлік (бар болған жағдайда)
- Төлем ақы квитанциясының көшірмесі (ақылы негізінде оқуға түскен жағдайда)
- 3х4 көлемдегі 6 сурет
- Жеке куәлік көшірмесі 2 дана
- 075/у нысаны бойынша медициналық
- Мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған) бар болған жағдайда
- Тіркеу куәлігінің көшірмесі, әскери билеттің көшірмесі (ерлер үшін)
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын жеке парақ немесе еңбек кітапшасының көшірмесі еңбек өтілі бар адамдар үші (бар болған жағдайда)
- Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың IELTS, TOEFL (түпнұсқа) (бар болған жағдайда)
- Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда)
- Скоросшиватель;
- 1 конверт;
- 10 файл